Өмірдің де өзіндік алгоритмі бар
Өзі де өлімге мойынсынса керек. Дегенмен өмір ғажап, жан тәтті. Бірер күн болса да жата тұрсам дейді. Қал сұрап, көңіл сұрап кіріп-шығып жатқан ағайынның: әлі-ақ жазылып кетесіз,-деген жұбатуына сене алмай жатқан күндерінің бірінде құрдасы келіпті. Ол да біраз отырып, кетерінде: - Ал жақсы енді, бір Құдайға табыстадым,-десе, жаңағы кісі: - Ой сен де табыстайтын жерді таптың ғой, соның өзі емес пе мені алайын деп жатқан,-деген екен.
Ақпарат көзі
