М. Жұмабаев, Ғ. Мүсіреповтің жерлестері ЭКСПО қонақтарын таңқалдырмақ
ЭКСПО – 2017халықаралық көрмесі аясында 21-31 тамыз аралығында Астана қаласында Солтүстік Қазақстан күндері өтеді. 11 күн қала қонақтары мен қала тұрғындары үшін салаутты-танымдық шаралар ұйымдастырылады. «Біздің өңір Мағжан Жұмабаев сынды қазақтың ұлыа қыны, Сабит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов сынды қазақтың классик жазушыларының туған жері болуымен ерекшеленеді. Солтүстік Қазақстан ақындары мен жазушыларының еліміздің көп ұлтты әдебиет әлеміне қосқан үлесі көп», - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 11 күннің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында өткізілетін бағдарлама 8 алаңда өтеді: «Этнауыл» ұлттық-мәдени кешені, қуыршақ театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс…