Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Өмірге инвестиция: Халықты жұмыспен қамту шараларына мемлекет 85 млрд теңге бөлді

Аяқталмаған коммунизмнен нарықтық экономикаға көшу барлық елдерге қиын тиеді. Бұрынғы Кеңес елдері, қазіргі ТМД оған айқын дәлел. Кеңес дәуірі ыдырағаннан кейін достастық елдері біраз тарихты басынан кешірді, ол кешегі құлдырау жылдары, бандитті 90-жылдар, азаматтық соғыстар және әлемдік экономикаға кіруге деген талпынысты айнымалы дәуір. Тарихы бір өзге одақтас елдермен салыстырғанда Қазақстан жақсы жағымен ерекшеленеді, елге инвестициялар бөлінуде, жаңа кәсіпорындар ашылуда, жаңа тұрғын үйлер салынуда. Елде проблема жоқ деп айтуға, әрине, болмайды, мәселен солардың ең өзектісі – жұмыссыздық мәселесі.

Қазір жұмыссыздықтан да өзекті мәселелер шешіліп жатыр деуге орын жоқ, соңғы 16 жылды салыстырып қарасақ, жұмыссыздық екі еседен де артық азайған, 13%-дан 4,9%-ға дейін түскен. Бұл көрсеткіш бойынша біздің еліміз Еуро одақ (8,2%), Украина (9,7%), Қырғызстан (8%), Бразилия (12%), Ресей (5,6%) сияқты елдерді озып, АҚШ пен Ұлы Британияға (4,8%) жақындадық.

Еліміздегі жұмыссыздықтың қазіргі деңгейі дамыған елдермен салыстырғанда критикалық емес. Дегенмен, жұмыссыздық мәселесі үкімет басында қызу талқыланатын мәселелердің бірі. Соынмен қатар, тек қағаз жүзінде жұмыспен қамту емес, іс жүзінде де өнімді жұмыспен қамту.

Тұрақты жұмыс – тұрақты табыс, ертеңге деген сенімділік. Адам белгілі уақыт жұмыс істеп, ол уақыт үшін дәл қанша төлем алатынын, төлемдерді қандай қаражатқа өтейтінін, отбасын қандай ақшаға қамтамасыз етеінін, жылдық демалысқа қанша ақша қалдыра алатынына анықтық береді. Өнімді жұмыспен қамту және көпшілікті кәсіпкерлікке тарту дәл осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, жұмыскерлердің ертеңіне сенімділік беру үшін бағытталған.

Арнайы статистика бойынша Қазақстанда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 8,8 млн-ды құрайды. Олардың 8,4 млн – жұмыспен қамтылған, 2,1 өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны осы қатарда және 296 мың – өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Егер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына жеке кәсіпкерлерді де қосатын болсақ, өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар санына тұрақты табыс көзі жоқ адамдар да қосылады.

Жұмыспен қамту бағдарламасы да осы адамдарға арналған. Бұл бағдарлама тек ережелер мен заңдар жиынтығы емес, мемлекет жүзеге асыруға қаражат бөлген нақты іс-шаралар кешені. Тек қана 2017 жылы ғана осы мәселені шешуге 85,3 млрд теңге бөлінген. Бөлінген қаражат тұрғындарды оқытуға, кредит беруге, тіпті көшуге көмектесуге де бөлінеді.

Жұмыс іздеп жүрген адам не істеуі керек? Бағдарлама бойынша төрт бағыт қарастырылады. Бірінші – техникалық және кәсіптік білім беру мен қысқа мерзімді кәсіби даярлаудықамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағыт ешқандай мамандығы жоқ, білім алу жолы мектеп табалдырығымен аяқталған тұрғындарға арналады. 1-қыркүйектен бастап 320 арнайы ұйымдастырылған мамандандырылған техникалық және кәсіптік оқу ордасынан 21 мыңға жуық тұрғын білім алатын болады. Олардың қатарында ҰБТ тапсыра алмаған және жоғарғы оқу орнына түсе алмаған жастар бар. Олар 2,5 жыл мемлекет қаражатына білім алатын болады, стипендия төленеді, сонымен қатар, олардың жолдарына қаражат төленіп, ыстық  тамақ берілетін болады. Оқуды бітірген соң олар мамандық алып шығатын болады, сонымен қатар, оқушыларда оқып жүріп  те жұмыс табу мүмкіндігі бар, бағдарлама ол жағын да қарастырып қойған, өзін жақсы жағынан көрсеткен оқушылардың жұмысқа шақырту алу мүмкіндіктері зор.

Сәуір айынан бастап қазір еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту курстары басталды. Осы курстар бойынша бүгінгі таңда 27,7 мың адам білім алуда. Бұл оқу шаралары да өздеріне кадр дайындап жатқан ұйымдардың қатысуымен өтуде.

Бағдарламаның екінші бағыты бизнес ашқысы келетін, бірақ бастапқы капиталды қайдан аларын білмейтін адамдарға арналған. Бұл бағыт жалпыхалықтың кәсіпкерлікпен айналысуы мақсатына  негізделген. Біріншіден, арнайы бастаушы кәсіпкерлер үшін «Бизнес-Бастау» жобасы іске қосылған. Бұл жоба аясында жаңа кәсіпкерлер бизнестің алғышартарымен таныса алады. Екіншіден, арнайы оқуды өткеннен кейін ауылда да, қалада да микрокредит алуға болады. Кредит алудың шарттары да қарапайым – ең үлкен сома 18 млн теңге, 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі, егер кредит алушы мал шаруашылығымен немесе ауыл шаруашылығы кооперативін құратын болса 7 жылға дейін беріледі, жылдық номиналдық пайыз 6 пайыз. Сонымен қатар, неиені кепілдендіру механизмі де енгізілген, кәсіпті жаңа бастаушыларға 85% және бизнеспен айналысып жүргендер үшін 50%.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлікке оқыту курсында 7 834 адам бар болса, жыл басынан бері 3000 аса микрокредит берілген.

Бағдарламаның үшінші бағыты – жұмыссыздарды бос орындарға орналастыру арқылы еңбек нарығын дамыту. Осы бағыт бойынша жыл басынан бері жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарынан 213 мың адам жұмыспен қамтылған, 18 мың адам – әлеуметтік жұмысқа, 61 мың адам – қоғамдық жұмысқа, 15 мың жас маман – «жастар практикасымен» қамтылса, 120 мың адам халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бос орындарға орналастырылған.

Төртінші бағыт – біздің менталитетімізге кішкене жат, бірақ АҚШ пен Еуропа елдеріне жақсы таныс әдіс, мобильді еңбек нарығы. Басқаша айтсақ, жұмыс бар жаққа көшіп бару.

АҚШ үшін бұл таныс қолданыстағы әдіс, онда жұмыс іздеуші бір штаттан екінші штатқа жұмысқа ауысуы мүмкін. Оған қоса олардың қоныс аударуы, жол шығынын ешкім төлемейді, оның бәрін жұмыс іздеуші өз қалтасынан шығарады.  Қазақстанда бұл әдіс енді ғана енгізіліп жатқандықтан, мемлекет бастапқыда халыққа көмек көрсетеді.

Біріншіден, халықтың ең көп орналасқан жері, облыстары анықталды, және кадрлар дефициті болуы мүмкін аймақтар анықталды. Екіншіден, мемлекет жұмыс үшін көшетін адамдарға көмек көрсетеді, алғашқы уақытқа, жүк тасымалына, жолға деген сияқты шығындарға. Үшіншіден, арнайы осы бағыт үшін өңірлер арасында жұмыс жәрмеңкесі өткізіледі. Мұндай жәрмеңкелер Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында өтті. Және төртіншіден, көшу туралы шешімді жұмыс іздеуші өзі қабылдайды. Ешқандай күштеу туралы мәселе болуы мүмкін емес. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша жұмыс тауып, жаңа мекенге қоныс аударғандар саны 442 отбасы.

Бағдарламаның алғашқы макроэкономикалық нәтижелері де бар, мәселен, 2017 жылдың алғашқы кварталында жұмыссыздық көрсеткіші 4,9% құрады, бұл 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 0,2% төмен, 15-28 жас арасындағы жұмыссыздық 0,5% төмендеді ( 4,4% -дан 3,9%-ға), әйел адамдар арасындаығ жұмыссыздық 0,2% ( 5,7% -дан 5,5%-ға) төмендеді.

0
0
1447

Осы тақырып бойынша