Мектеп оқушылары Қазақстан тарихын музейлерде оқитын болады
Енді Қазақтсна оқушылары туған елінің тарихын музейлерде оқитын болады. Бұл жайында Алматы қаласында өткен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала-бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен жиналыста Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко хабарлады.

«1-тамызда білім министрлігі Қазақстан тарихын музейлерде оқыту туралы заңға қол қойды, демек, енді мектеп оқушылары туған елінің тарихын өз көздерімен көру, жеке танысу арқылы елінің бай мәдени мұрасымен таныса алатын болады», - деді Владимир Божко.
Владимир Божконың айтуынша, өкінішке орай қазір жас ұрпақ өз елінің тарихын біле бермейді, еліне еңбек еткен, тәуелсіздік алуға оразан зор үлес қосқан еліміздің қайраткрлерімен де таныс емес. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін де осындай балаларға қызықты әрі пайдалы оқыту әдісі қолға алынған.
«Біз бүгінде Қазақстанның жас ұрпағының 80-90-жылдардағы тарихты емес, өз отанының 25-жылдық тарихы туралы да білмейтініне куә болып отырмыз. Олардың Ұлы Отан соғысының батырларын білмеуі үлкен өкініш, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріның еліміз үшін қосқан үлесі оразан зор емес па. Сонымен қатар, жас ұрпақ үшін еліміздің тарихына белгілі ұлы әртістер, философтар, суретшілер де бейтаныс болып қалуда. Оған себеп ақпарат құралдарында негізінен жанжалды оқиғаға байланысты ақпараттар таратылады», - деді В. Божко.
Кездесу барысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері де қозғалды. Владимир Божко «Рухани жангыру» бағдарламасының басты ерекшеліктеріне тоқталып өтті, бұл тамаша жоба еліміздің тұрғындарында пікірлес ашық ұлттық сәйкестілік бәсекеге қабілеттілігі, патриотизм, отан сүйгіштік сияқты қабілеттерін арттырып, қазіргі заманға сай қасиеттерді бойларына дарытады деген сенім білдірді. «Рухани жаңғыру» жобасы көптеген бағдарламаларды жүзеге асыруда, «Қазақстанның 100 жаңа бейнесі», «Қазақстанның киелі жерлері», латын қәрпіне көшу, үш тілде білім беруді дамыту сияқты жобалар.
Алматы қаласы әкіиінің орныбасары Арман Қырықбаев қалада басқа да көптеген шаралар жүргізіліп жатқанын, олардың жыл соңына дейін толыққанды аяқталатынын айтты.
«Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы толық қанды жүргізіліп жатыр. Елбасымызө айтқандай, бұл жол барлық қазақстандықты біріктіретін жол, бұл жоба әрбір отандасымызға қатысты. Осы жобаны жүзеге асыруда Алматы қаласы белсенді қатысуда. Қазір 63 жоба аясында 74 мың адам жұмысқа тартылған. Біз әлеуметтік маңызды іс-шаралар жүргізіп жатырмыз және ағымдағы жылдың соңына дейін бітіреміз деп толық сеніммен айта аламын», - деді Арман Қырықбаев.
Сонымен қатар, осы дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Абилфас Хамедов, Алматы қаласы бойынша басқарма және қоғамдық аналар ҚХА келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен басшылары қатысты.
Сондай-ақ, мектеп оқушыларының еңбегіне қатысты тағы бір жаңалық – мектеп оқушыларының шығармаларын енді Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарына қосады.

«Мен және 2025 жылдағы менің Қазақстаным» атты бүкіл республикалық шығармалар сайысына 100-ден аса мектеп оқушылары өз еңбектерін жіберген. Осы орайда, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі жеңімпаздарды құттықтап, шығармалардың аса қызық бөліктері 2025 жылға Қазақстанның даму Стратегиясына қосылатын болады деп хабарлады.
Республикалық шығармалар сайысында 5-9 сынып оқушылары қатысты. Олардың барлығы Қазақстанның болашағын қалай көретіндері туралы оймен бөліскен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа 100-ден аса шығарма келіп түскен, олардың әрқайсысымен танысудан кейін, 27 шығарма таңдалып алынған. Олардың ішінен 10 оқушы жүлделі орындарға ие болып, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің қолынан алғыс хаттар алған.
«Елімізде болашаққа бағытталған өте маңызды документ дайындалуда. Ол «2025 жылға Стратегиялық жоспар» деп аталады, бұл еліміді мақсаттарына алып келетін жол картасы. Осы жол картасы біздің алдағы бірнеше жылға ұстанатын бағытымыз болады, және оны жан-жанты саралап, барлық саланы ескеріп дұрыс жасау аса маңызды. Оны жүзеге асыру біздің болашақта қандай елде тұратынымызды шешеді. Сендер жаңа ұрпақ ретінде, тіпті тәуелсіз Қазақстанда емес, жаңа 21 ғасырда дүниеге келген азаматтар ретінде сендердің ойларын өте маңызды. 2025 жылы елімізді қалай көретіндерін осы жобаны асауда ескерілетін болады, және жоспарды жасауда сендер де үлес қосасыңдар. Шығармалардағы ең қызық, терең ойлы, алғыр идеялы үзінділер Стратегияға қосылатын болады. Қазіргі уақытта жоспарға шығармалардан үзінділерді қосу мәселесіне арнайы мамандар тартылып, қызу жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді министр.
Республикалық шығармалар байқауының жеңімпаздарының бірі, Адия Байжанова, өзінің сайысқа қатысу тәжірибесімен бөлісті. 9-сыныпта оқитын ол шығармасын мектеп емтихандары болып жатқанда жазған екен, алайда, емтихандар оның болашаққа деген көзқарасын жазуға ешқандай кедергі келтірмеген. Адия Астана қаласындағы №66 мектеп-лицейінің оқушысы.
«Менің ойымша, біз 2025 жылға қарай көптеген мәселелерді шешеміз. Дұрыс даму жолын таңдап, ресурстарды тиімді пайдаланатын боламыз, табиғатпен үйлесім тауып, қоршаған ортаны аялаймыз. Қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, экономиканы дұрыс даму бағытына қойсақ, еліміз гүлденері анық», - деді 9-сынып оқушысы Адия Байжанова.
Байқау жүлдегерлерінің тағы бірі Дана Омпанова да Қазақстанның өз мақсаттарына жету мүмкіндіктері зор деп санайды.
«Өз шығармамда мен экология, ресурстар және жаңа технологиялар туралы жаздым. Менің ойымша осы салаларды дамыту арқылы Қазақстан барлық мақсаттарын жете алады. Мәселен, ЭКСПО, онда көптеген мәселелер қарастырылуда, әр ел өз шешімін ұсынуда. Болашақ энергиясы туралы мәселелер бүгін өз шешімін іздеуде, демек, 8 жылдан кейін біз үшін күнделікті шараға айналады», - деді Дана.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау екі турдан тұрды, өңірлік және республикалық, екінші турға өткен жұмыстар логика, пайымдау тереңдігі, бағалау, қорытындылау, жаңа идея, ойды тиімді әрі түсінікті жеткізу шеберліктері бойынша бағаланған. Сайыс жеңімпаздары – Али Хасен (Алматы); Софья Курмангалиева (Павлодар); Дана Оспанова (Астана); Гульназ Молдаш (Алматы); Адия Бабажанова (Астана); Инкар Даулетхан (Усть-Каменогорск); Аружан Конысбекова (Кызылорда); Зере Маратова (Усть-Каменогорск); Аяжан Батырбек (Шымкент); София Нуркенова (Павлодар).
