Ұлы дала мерекесі: «Ұлы дала елі» этнофестивалі Павлодарда 70 мың қонақ жинады
Павлодар қаласының қақпасында екі апталық «Ұлы дала елі» этнофестивалі ұйымдастырылды, жүздеген жылдар бұрын керуен сапарлары өткен бұл жерде бүгінде 70 мың павлодарлық көрермен болып келді.
Қонақтарды 115 мерекелік киіз уйден тұратын этноуылдар, ұлттық спорт түрлері бойынша платформа, Ертіс өңірінің белгілі қолөнершілері, ат ерттеген нағыз жігіттер мен қазақы ару қыздар, қырандарын баптаған бүркітшілер, қасиетті тазы иттер, хош иісті тамақ даярланған жүздеген қазандар күтіп алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша фестивальдің алғашқы күні 20 мың адам, ал екінші күні 50 мың адам этноауылға келген. Осы өңірдің көлік тұрағында тіпті орын қалмаған. «Ұлы дала елі» фестивалі бұл өңірде дәстүрлі шараға айналғанына қарамастан, адамдар саны осындай көп болады деп ешкім күтпеген.
Этноауыл ұйымдастырыған жерді тақырыптық жағынан алты ауылға бөлген екен, олар – көрмелер, сауда орындары, құрт пен қымызды нағыз мамандар рецепті бойынша дайындап үйренуге арнлған мастар-класс орындары, көкпар ойынына арналған спорт алаңдары, спорт алаңдары, теңге алу ойынына арналған кешен.
Қолдан жасалған подиумға Павлодар қаласының бірінен бірі өткен 50 хас сұлулары шықты. Олар қазақ халқының бес ғасыр бұрын қалай киінгендрін жұртшылыққа көрсетті.
Барлық киімдер арнайы тапсырыспен, атақты дизайнер Жадыра Сахиеваның, JADO, жеке қадағалауымен тигілген. Этнофестиваль өз мәресіне жеткннен кейін юұл киім үлгілері Нью-Йорк қаласына сән үлгісін көрсетуге аттанатын болады.
«Біз бүгінге фестивальда өз ұлттық киім үлгілерімізді ұсынып отырмыз, басты назарға киымдердің түсі мен мата сапасына аударылған. Әрине біз күміс пен ұлпа жүнді сән таптамасына қостық, бұл элементтерсіз қазақ қыздарының киім үлгісін елестету қиын. Қазақстар оларды үнемі пайдаланған. Біздің топтаманың басты идеясы қазіргі уақытта да біздің жастарымыз ата-баба киімін кие алады», - деді дизайнер.
Еріс өңірінен жиналған 300 домбыра тарту шеберлерінің орындауында осы фестивальда Жаяу Мұсаның әні орындалды. Музыканттардың ең үлкені 60 жаста болса, ең жасы тоғызда. Фестиваль қонақтарына МузАрт», Торегали Тореали, Нурлан Алимжанов, «Alem band» және «BN», Райымбек Сатыбалды, «Ұлытау» этно-рок-группасы сияқты отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Этноауылға кірген жерде қонақтарды Хатико атты ит күтіп алды, көпшілікке танымал адамның адал досына арналған мелодрамадағы итпен аттас. Жапонның акита породалы итін Павлодар қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері басқа қызметтік иттермен бірге алып келген.
«Біз ең стресске төзімді және агрессивті емес иттерді алдық, әрине қонақтарды қорқытпау үшін, дегенмен, олардың еш қауіпсіз екеніне қарамастан оларды сипалауға болмайды. Хатико қазір қызметке үйретіліп жатыр, ол жақсы қорғайтын ит қана болып қоймай, стратегиялық маңызы бар объекттерді қорғау да жүктелетін болады. Алабай Тайсон да қорғааушы ит. Лабрадор Хан – бомбалар бойынша маман ит, оны жарылғыш заттарды іздеп үйреткен. Уйрену-жаттығу жұмыстарында ол жарылғыш құралдарды тез табады, шын бомбалармен, қуанышқа орай, кездескен жоқ. Көкжал овчаркасын бізге Омсктегі әріптестеріміз сыйлады. Ол жақсы із кесуші ит болып өседі», - деді полиция сержанты Қуанышбек Қабжанов.
Ұйымдастырушылар селфи сүйер қауымның ықыласын да шет қалдырмапты. Арнайы суретке түсу үшін он метрлік домбыра, батырлар отырған тақ, бүркітшілер, ат үстіндегі шабандоздар бейнеленген арнайы картиналар қойылған.
Астаналық жас суретші Жеңіс Молдабеков металлоконструкциядан темір жауынгерді жасаған, бұл туынды ең ерекше жоба деп танылды. Жеңіс Павлодар қаласына өзгесуретші әріптестерімен келген. Олар Павлодар өлкесінің табиғаты тамаша өңірлерінде ашық аспан астында тбиғатты бейнелеу жұмыстарын жүргізген. Баянауылдың ең көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірген.
«Жоба аясында 20 суретші өңірдің ең әсем жерлерінде болды: Торайғырда, Кемпіртас, Жалмауыз кемпірлер үңгірінде. Ауа райы бізге қарасты, бар ниетімізбен жұмыс істедік. Осындай жас суретшілер жиынын біз 2013 жылдан бері облыс әкімдігінің қолдауымен жылда өткіземіз», - деді Павлодар облыстық суретшілер одағының төрағасы Ануар Ігімбаев.
Көрермендерді аспан шоуы таңқалдырды, сондай-ақ, көрермендеоді парашют спортының федерациясы ұйымдастырған аспаннан шашылған шашу одан кем таңдырған жоқ.
«Біздің федерацияның он жылдық тарихында бірінші рет құрған группамыз бүгін алғаш рет өнер көрсетті. Жерлестерімізді әлі де ұшу, қонуымызбен қуантамыз деген ойдамын», - деді Павлодар облысы парашют спорты федерациясының басшысы Руслан Феклистов.
Оның айтуынша,тоғыз жыл ішінде кем дегенде бір рет мыңға жуық павлодарлық парашютпен секіріп көрді.
Аспаға ғашық жандарды тағы бір сыйлық этнофестивальдің балалар зонасында күтіп тұрды. Мұнда Павлодарда балалар техникалық мектебінің балалары осы әуе кемесінің тоғыз шағын жүз пайыз кішірейтілген көшірмелерін ұсынды.
«Бұл модель әуе кемелерінің жинаудың еліміздің ең үздік ірі үлгілері болып табылады. Мұндай әуе кемесін сіз кез келген басқа көре алмайсыз. Мысалы, И-153 «Чайка» самолетінің кішірейген көшірмесі. Бұл әуе кемелерінің шын түпнұсқалары әлемде екі дана ғана, оның өзі америкалық жеке коллекцияларда сақталуда. Бұл ұшақ Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшқан. Ол өз жасына қарамастан, ұшу сипаттамалары өте жақсы. Енді біз адамдар осы әдемі бірегей машиналар кем дегенде көшірмесін көрсін деп осында қойдық. Мұнда сонымен қатар. «Арктика» К-28 әуе кемесі де бар. 1934 жылы Қара теңізде «Челюскин» кемесі батып кеткенде, 102 адам ашық мұз бетінде қалған. Алты самолеттің ұшқыштары осы адамдарды тауып, әуе кемесінің әр қанатына алты адамнан байлап, ұшқыш кабинасына бір адамнан отырғызып адамдарды құтқарған. Осы ерліктері үшін алғаш рет Кеңес Одағы Батыры атағын алған. Бізде АН-2 ұшағының көшірмесі бар, халық арасында оны «кукурузник» деп те атайды. Бұл ұшақ Гиннесстар кітабына үш мәрте енгізілген, ол ең көп шығарылған және қозғалтқышы өте мықты », - деді мектеп директоры Александр Зозуля.
Александрдың сөзіне қарасақ, бір модель жасау үшін жас авиаконструкторлардың 2-3 жылы кетеді. Ұшақтардың кішірейтілген көшірмелері ұшуға ғана емес, ұшу фигураларын жасауға да қабілетті.
