Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

СҚО Этномәдени бірлестіктері түрлі халықтардың ұлттық киімдерін салыстырды

Петропавл тарихи-өлкетану музейінің активисттері «НұрОтан» партиясының жергілікті мүшелерімен Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзегеасыру шараларын талқылады. Жиын барысында түрлі ұлт өкілдері өз тұрмыстарымен, дәстүрлерімен, ұлттық киімдерімен таныстырды.

«Бүгінде біз тек бейбітшілік пен келісім, бірлі, ол бренд екенін жас ұрпаққа ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтарына айтамыз және ол қасиеттерді қоғамда жаңа деңгейге шығару керек. «Рухани жангыру» бағдарламасы өз жемістерін беруде. Оның мақсаты - қазақстандық халықтардың бірлігін сақтап қалу үшін, ұлттық коды сақтау. Бұл «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «100 жаңа бейне» деген сияқты жобалар», - деп Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Наил Салимов атап өтті.

Облыстық өлкетану музейінде екінші жыл Қазақстан Халықтар Ассамблеясы залы істейді. Мұнда әр этнос өкілінің өз бұрышы бар, дәстүрлері, өмірі, ұлттық киімдері жайлы. Этноцентр өкілдері әр ұлттың киімдері туралы әңгімелеп берді.

«Біздің орталық 1995 жылы құрылды, және сол уақыттан бері біз өңірдегібарлық шараларға қатысамыз. Өлкеде екі мыңға жуық азербайжан ұлты өкілдері өмір сүреді. Бұрыштамадағы барлық заттар Азербайжаннан арнайы алынған, мыселен, ер жігіттің ұлттық киімі. Сіздер Азербайжан тоқыма өнерімен танымал екенін білесіздер, арнайы біздің бұрыштама үшін кішкене кілем тоқылды, және қазақстың қобыз аспабына ұқсайтын каманча аспабы тоқылды», - деді Қонақтарға Солтүстік Қазақстан облысының этномәдени орталығының вице-төрағасы Чингиз Құрбанов.

Поляк орталығы өкілі Валентина Коренева Солтүсік Қазақстан облысында 13 мың поляк тұратынын айтты. Польшада жалпы саны 60 тан аса ұлттық киім үлгілері сақталған, ол үшін поляк ұлты этнографтарға емес, саясаткерлерге қарыздар.

«Польша 123 жылдан аса уақыт әлемдік картада болмаған, поляктар ұлттық ерекшеліктерін өздерінің ұлттық киімдерімен көрсеткен, тіпті поляк королі де тұрғындар мәселесін шешу үшін өткізілген жиналыстарда ұлттық киім киген», - деді В.Коренева.

Неміс «Видергебурт»этномәдени орталығының сеньорен-клуб мүшесі Надежда Райтенбах неміс ұлтының әйелдер киімімен таныстырды.

«Әйел адамның киім үлгісіне қарап, оның әлеуметтік жағдайын анықтауға болады. Мәселен, қзметші қздар ешқашан, жиектер мен шілтеркимеген, ал басы бос боз жігіттер қыздың ал жапқышына назар аударатын болған, егер әйел адам бантты ал жапқышының оң жағына ілсе отбасылық жағдайы – тұрмыста, сол жағында – басы бос, ал алдында ілінген болса – күйеуі қаза болған. Сол сияқты ер адамдарда да, егер пальтосы ұщын болса – әйелі бар, қысқасы – басы бос», - деді Н.Райтенбах.

Билік басындағылар да күнделікті өмірде ұлттық киімдерді киеді.

Орыс ұлты өкілдерінің мүшесі Галина ұлттық киімдер, тұрмыс және әдет-ғұрыптар туралы әңгімесін орыс әйеліне арналған өлеңнен бастады.

«Орыс қоғамы 20 жыл бұрын құрылды. Өңірде 67,3% орыс ұлты өкілдері тұрады. Жақында Арқайым деген киелі жерге барып келдік, сол жерде өткізілген фольклорлық фестивальда Гран-при ұтып алдық», - деді ол.

Оның айтуынша, Орыс ұйымында ұлттық киімдер түрлері өте көп, әр губернияда өз киім үлгісі болған. Орыс әйелінің киімі ол қандай әлеуметтік топқа жататынын көрсетеді.

Өңірде 25 облыстық ұлттық орталық бар, Солтүстік Қазақстан өңірінде 100 этнос өмір сүреді.

Шара срңында «Нұр Отан» партиясы белсенділері мен этно ұйым өкілдері бірігіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының партиялық мүшелері мен мұражай қызметкерлерінің атынан этносаралық қатынастарды нығайтуға, қазақ этникалық топтарының ұлттық сәйкестігін сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстан Республикасы корейлерінің мәдени бірлестігінің жетекшісі халықтың дәстүрлерін сақтау және насихаттау бойынша пікірімен бөлісті.

Рухани құндылықтар кез келген адамның дамуында шешуші рөл атқарады, сол себепті технологиялар мен инновацияларға, экономиканың жаңа секторларын дамытуға және қазіргі заманғы инфрақұрылымды құруға байланысты қоғамдық сананың моральдық негіздерін сақтау және дамыту туралы ұмытуға болмайды, Оңтүстік Корея этномәдени бірлестігінің төрағасы Роза Пактің пікірі осындай.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламасының мақаласында елдегі рухани жаңарудың тұжырымдамалық көрінісі ұсынылған.

Қазіргі Қазақстан қандай болу керек? Ең құнды ұғымдарды жоғалтпай, ең үздік 30-дыққа қалай кіруге болады? Мақала басты бағыттарды - отандық мәдениетті дамытуды, қазақ халқының тілін, дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауды анықтайды.

«Біздің Елбасы ақылды көшбасшы және саясаткер ретінде халықтың әл-ауқатын арттыру үшін рухани жаңарудың қажеті қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Адамдардың ой-өрісін өзгерту, идеологияны және қоғамдық сананы жаңа уақыттың шынайылығына бейімдеу қажет.Тек жоғары білімді және рухани байытылған адамдар уақыттың қиындықтарына икемді әрекет ете алады », - дейді этномәдени бірлестіктің көшбасшысы.

ХХІ ғасырдағы ұлттың табысқа жету факторы ретінде Елбасы компьютерлік сауаттылыққа, шет тілдеріне ие адамның бәсекеге қабілеттілігінен көреді.

Президент әрбір қазақстандықты өз елін мақтан тұтуға, оның бай тарихын білуге, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды мұқият сақтауға шақырады. Мысалы, Н.Назарбаев ұсынған «Туған жер» бағдарламасы өсіп келе жатқан ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілік, оның табиғаты, рухани мұралары мен тарихи ескерткіштерін құрметтеуге мүмкіндік береді. Міне, Қазақстандағы халықтардың, әсіресе ұлтаралық достықтың дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін сақтау және насихаттау маңызы.

«Мемлекет басшысының ұсынған «Туған жер» бағдарламасы терең мәнге ие. Бұл бағдарламаны іске асыру жердің, туған ауылдың, қаланың нақты қамқорлыққа алуды үндейді. Кенеттен, бір сәтте патриот бола алмайсың, Отанын шын жүректен, оның ішінде кішігірім ауылды жақсы көруден басталады. Бұл махаббат кішкентай кезден бастап, ана туралы әңгімелер арқылы жасалады. Кішкентай адам, құрдастарымен ойнап, мектепте оқып, мифтер тыңдап, аңыздарды есте сақтап, ертегілерге сеніп, өз халқын, жерін, мәдениетін жақсы көруді үйренеді. Екінші жағынан, бұл бағдарлама іс жүзінде патриотизмді кәсіпкерлер, лауазымды тұлғалар, интеллектуалдар тарапынан «кішігірім Отанын» қолдау үшін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Роза Пак.

Ақпарат көзі

0
0
1472

Осы тақырып бойынша