Рухани жаңғыру: Qaz talks
Талдықорған қаласында оқушылар сарайында QazTalks алғашқы диалог алаңы өткізілді. Іс-шараны ҚР MIC Орталық коммуникациялар қызметі мен Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды. Мұнда ашық пікірталас форматында сарапшылар «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» президент бағдарламасын іске асыру барысын талқылады.

Жиын барысында әр түрлі салада еңбек етіп, халыққа танылған азаматтар сөз сөйледі. Тақырып етіп алынған елбасы бағдарламасы жан-жақты талқыланды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы «Туған жер» де шет қалған жоқ. Мақала-жолдауды жүзеге асыру барысы талқыланып, халыққа жеткізудің жаңа әдістері қарастырылды. Кең байтақ еліміздің қасиетті жерлерін зерттеу, ол жерлерде музей немесе арнайы экспедиция орындарын жасау мәселелері талқыланды.

Кездесуді ашқан Орталық коммуникациялар қызметі директоры Артур Нығметов өз қызметі ОКҚ туралы және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басымдықтары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, ол «QazTalks» форматында диалог алаңы аймақтарда алғашқы ретөткізіліп жатқанын атап өтті.

«Елбасы жолдауы әр өңірде талқыланып, пысықталды, ол жұмыстар әлі күнге дейін жалғасуда. Бүгін, біз Мемлекет басшысының идеясына жаңа көзқараспен қарауды ұсынамыз, және біздің мамандар өз пікірлерін білдіреді, ойларымен бөліседі, мақсатқа жету жолдарын бірге іздейміз», - деді Нығметов.
«Біз мемлекет басшысының мақаласы туралы көп естиміз, бірақ оның ең басты мағынасын, басты мақсатын көп адам әлі де түсінбейді. Сол себепті де біздің бүгінгі мақсатымыз жолдауды талқылау, талдау. Қоғамдық сананы жаңғырту – біздің қоғамға, болшақ ұрпаққа міндет», - деді саясаттанушы және Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басқарушы директоры Саят Нұрбек.

«Нұр Отан» мемлекеттік саясат партиясының институтының жүргізген зерттеу негізінде сарапшы, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік пен басқа да құндылықтар бүгінгі қоғамда басқа жеке бастың пайдасынан төмен қойылатындығын, арзан бағаланатындығын айтты. Көбіне адамдарға материалдық құндылық, жеке меншік құндылықтар жақынырақ болады екен.
«Қазақстанның киелі жерлері» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берик Абдыгалиев, әлеуметтік консенсус жаңғырту тақырыбын жалғастыра отырып, Президенттің «Туған жер» бағдарламасының маңызды тармақтарын атап өтті.
«Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында республикалық жұмыс топтары құрылған. Біз баптың негізгі ережелерін жүзеге асыру үшін жобаларды әзірлеудеміз. Қазір біз елдегі ең әдемі және қасиетті орындары бар жерлерінің картасын жасау үстіндеміз. Қасиетті жерлер географиясы рухани құндылықтар үшін өте қажет екенін атап өткен жөн. Бізге «Туған жер» бағдарламасы арқылы тұрғындар жүрегінде туған жерге деген сүйіспеншілік ұялатуға, олардың еліміздің әрбір азаматы құрметтеуіне ықпал етуіміз керек. Еліміздегі Ұлытау, Қожа Ахмет Яссауи, Тараз, Бекет ата, Жетісу, Алтай сияқты қасиетті мекендерін бір бүтін етуіміз керек», - деді Б.Абдыгалиев.
Латын қарпіне қазақ тілін көшіру тақырыбы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбеков қозғаған тақырыптың негізгі өзегі болды. Спикер жақын болашақта барлық баспа өнімдерін латын әліпбиіне біртіндеп көшетінін айтты, бұл салада бүгінгі әліпбиідің негізін сақтай отырып, өзге елдердің қателіктерін қайталамау және ғылыми деңгейде мұқият латын әліпбиіне көшу қажеттігін айтты.
«Айтуға оңай» ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбек қазақ халқының құндылықтарына, қайталанбас менталитетіне арналды. Рухани құндылықтар туралы тақырыпты «Жетісу» арнасының жүргізушісі Есболат Айдабосын жалғастырды.
Іс-шараны қорытындылай келе, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңір басшылығы елбасы бағдарламасын жүзеге асыру шараларын әлі де жалғастыраытн болады деді. Қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында қолға алынған осы игі бастама өз жалғасын табатын болады.
Алматы облысы Талдықорған қаласы Qaz talks тың бастамасымен жұртты таныстырып жатқанда, Ақмола облысында Зеренді өңірінің киелі жерлеріне экспедиция жасалды. Жалпы Ақмола облысының Зеренді ауданы тек тамаша табиғатымен ғана емес, сонымен қатар, ежелгі тарихи-мәдени құнды ескерткіштерімен, мазарларымен ерекшеленеді. Осы өңірге жасалған бұл жолғы экспедиция «Туған жер» бағдарламасына арналды.

«Зеренді – бай өлке. Тек қана табиғат сұллықтары ғана емес, тарихи ескерткіштерге де бай. Атап айтқанда, Кенеткөл ауылында қола дәуірінің тамаша ескерткіштері бар. біздің ауылымыз тарихи құндылыққа тұнып тұрған ауыл. Біздің өлкеге профессорлар, студенттер экскурсияға, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге көп келеді», - деді өлкетанушы Гакку Габдульма.

Зерендіде балбалдарды, ежелгі тұрғын үйлердің қалындыларын көруге болады. Ең танымал мазарлар – Уали ханның, Ақан сері ән арнаған, 16-жасар дала сұлуы Балқадишаның мазарлары.

«Бізге туристтер көп келеді, және тек табиғатта демалу үшін ғана емес, осы өңірдің тарихымен танысып, жергілікті аңыздармен де танысады. Болашақта туристік саланы дамытып, жаңа жолға қойсақ жақсы болар еді», - деп өлкетанушы ниетімен бөлісті.
Исаковка ауылы иаңындағы экспедицияға жүзге тарта адам жиналған. Олар топтарға бөлініп, палаткалар тікті.

Туристтік экспедиция бағдарламасы аясында - жаяу спорт және сауықтыру демалыс бағыттары бойынша топтар, экологиялық, мәдени туризм, алаудың айналасында әндер кеші, конкурстар, викториналар және одан басқа да шаралар ұйымдастырылды.
Бөлінген топтар арасында әр түрлі жоғарыда аталғандай сайыстар өтетін болады. Сәйкесінше, сайыс жеңімпаздары анықталады. Жеңімпаздардың негізгі көрсеткіші командада жұмыс істеу қабілеті, жорық кезінде кәсібилігі мен жоғары туристік шеберлігі, командада жабдықтар баламалығы мен толықтығы, маршруттар бойынша күнделіктер құру сауаттылығы, командада міндеттерді дұрс бөлу болады.
Осындай экспедициялар қай жағынан алсаңыз да пайдалы, танымды. Еліміздің тарихымен таныстыра отырып, тамаша көңіл-күй сыйлайды, жаңа адамдармен танысып, топта жұмыс істеу қабілетіңізді ұштайды.
