Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Б. Сапарбаев: 2015 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі біліммен қамту 81% -ды құрайды

2015 жылдың соңына дейін 160 мектепке дейінгі мекеме ашылады, ол балалардың 81 пайызын біліммен қамтамасыз етеді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев. « «Балапан» бағдарламасының жүзеге асуының арқасында бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды біліммен қамту 78,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін 160 мектепке дейінгі мекеме салынбақ, балалардың 81 пайызын біліммен қамтимыз», - деді Б.Сапарбаев. Оның айтуынша, мектепке дейінгі мекемемен балаларды қамту жол картасы әзірленді. «Бұл картаға сәйкес, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 18, жеке инвестициялар есебінен 324 мектепке дейінгі мекеме салынды. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту 2020 жылға дейін жүзеге асады», - деді ол. Сондай-ақ, Б. С…

0
0
407

Н.Назарбаев: ЕАЭО мен ШЫҰ арасындағы диалог кең трансконтиненттік ынтымақтастыққа қолайлы орта туғызады

Елбасы Н.Назарбаев БРИКС лидерлерінің отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге сондай-ақ БРИКС ұйымына мүше елдердің лидерлері – Ресей Президенті Владимир Путин, Бразилия Президенті Дилма Роуссефф, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума және шақырылған мемлекеттер басшылары қатысты. Кездесу барысында өсіп-өркендеу мен даму жолындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ортақ мүдделерге қатысты мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Өз сөзінде Қазақстан Президенті Уфадағы саммиттер оған қатысушылардың әлемдік үдерістер жүлгесі бойымен қозғалуының айшықты көрінісі екенін атап өтті. «Көпполярлы әлемнің қалыптасуы, жаһанд…

0
0
373

Владимир Тельнов: Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі ішкі экономикалық бірқатар мәселені шешуге ықпал етеді

«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі маңызды ішкі экономикалық мәселелерді шешеді, ол еңбек өнімділігінің өсімі, шығындарды қысқарту»,- деді ОКҚ брифингінде Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов. «Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің жоспарлы қорытындылары: бір жағынан, қазақстандық тұтынушы – бизнес пен халық ірі және әр түрлі тауар нарығы мен қызметке ие болады. Ол халық деңгейінің көтерілуі, екінші жағынан экономикалық салада мықты бәсекелестік орта пайда болады. Бірінші кезекте, қысымды текстильді, астық өнеркәсібі, машина жасау, қаржы секторы, сақтандыру компаниялары», - деді В.Тельнов. Оның айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы – елдің бәсекелестігін арттыратын қосымша стимул. Біздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп отырған…

0
0
277

Айгүл Сәдуақасова: Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі елде бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалуына байланысты

«Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі елде бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалуына байланысты»,- деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этникааралық және конфессияаралық зерттеулер орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова Астанада «ҚХА-ның 20 жылдығы: қазақстандық сәйкестікті нығайтудың жаңа кезеңі» атты сарапшылық талқылау барысында. 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде жаңа стратегиялық мақсат қойылды. «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағдары елді жаңғырту тақырыбы болды. Қазіргі кезеңде сарапшылар жаңғыртуд…

0
0
590

Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті шағын бизнесте жатыр – сарапшы

Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті шағын бизнесте жатыр, деді Еуразиялық ықпалдастық институтының Экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «ҚР Президенті айтқан құрамына 30 мемлекет кіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына көшу біз үшін маңызды және біз соған ұмтылып отырмыз. Осы ерте шағын кәсіпкерлік саласына маңыз берген жөн, өйткені тап осы салада елдің экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті жатыр»,-деді В.Тельнов. Оның сөзінше, осы мәселеге байланысты ДСҰ-ға мүше өзге елдермен бәсекелестік жағдайында күресе алуға жағдай жасау үшін шағын бизнесті қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама қажат. «Бизнес-инкубатор, технопарктер, несиелік одақтар сияқты тиісті қолдаудың тиісті инфрақұрылымын қ…

0
0
359

Маңғыстау облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды

Маңғыстау ауданының Жыңғылды және Ұштаған ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялардың ашылу салтанаттары өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі. Жыңғылды ауылынан бой көтерген жаңа нысанның құрылысына 174 млн.теңге бөлінген. Аталмыш дәрігерлік амбулаторияның құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын. « «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында облысымыздың көптеген елді мекендерінде қазіргі заманның талабына сай ауруханалар салынуда. Соңғы екі жылдың ішінде Маңғыстау ауданының өзінде 7 селолық дәрігерлік амбулатория салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Бүгін де тұрғындарға жоғары сапалы және уақытылы ем алуға мүмкіндік беретін, қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатының куәсі болып отырсыздар», - деді Маңғыс…

0
0
1663

Сенат заңнамаға кірістерді заңдастыруға қарсы іс-әрекеттерге қатысты енгізілетін түзетулерді талқылады

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Заң жобасы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың есебінде көрсетілген ескертулерді жою, сондай-ақ ұлттық заңнаманы Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарымен сәйкес келтіру мақсаттарында әзірленген. Заң жобасы он алты заңнамалық актіге, оның ішінде, үш кодекск…

0
0
276

Қазақстан 19 мемлекет үшін визасыз режим орнатты — СІМ

Қазақстан Үкіметі визасыз режим орнатылған экономикалық жағынан дамыған мемлекетер санын 19-ға жеткізді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің комиссары Рәпіл Жошыбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 26-шілдесіндегі № 483 қаулысына сәйкес, Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония елдері 2015 жылдың 16-шілдесінен 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін мемлекеттік шекарадан өткеннен кейінгі 15 күнге дейінгі визалық талаптардан босатылады»,-деді Р.Жошыбаев. Бұл ретте ол аталған елдердің азаматтарының Қазақстанға қанша рет келсе де өздері білетіндігін, бұл ретте е…

0
0
360

Р. Жошыбаев: ҚР-да 19 ел үшін визасыз режимді кеңейту инвестиция тартуға бағытталған

Қазақстанның 19 мемлекетке дейін экономикалық дамушы ел азаматтары үшін визасыз режим бойынша қолданыстағы пилоттық жобаны кеңейту бастамасы инвесторларды, шетелддік іскери тұлғалар мен туристерді тартуға бағытталған, деп хабарлады сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында. «Қаулы әрекеті Қазақстанға қысқа мерзімге келуге ниет білдірген барлық азаматтарға таралады. Қазақстанның бұл бастамасы екіжақты қарыс қатынасты нығайтуға, әлеуетті инвесторлар, шетелдік іскери тұлғалар, туристер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған», деді Р. Жошыбаев. Бұл ретте вице-министр аталмыш шешімнің алдағы екі жылға жоспарланған көлемді шараларды өткізу кезінде оң ықпал ететінін айтты, оның ішінде Астана…

0
0
385

Д.Ерғожин: МКК Алматы мен Алматы облысында 1 ай атқарған жұмыстары бойынша бюджетке 17 млрд теңгені қайтарды

Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында жүргізген бақылау-сауықтыру шаралары барысында 17 млрд-тан астам теңгенің кірістерін жасырып қалу жағдайларын анықтап, қосымша тағы кедендік құнды түзету есебінен тсүкен 285 млн теңгенің кедендік төлемдерін бюджетке қайтарды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин. Комитет басшысы бірінші айдың қорытындысын жария етті, оның аясында 17 млрд-тан астам теңге мемлекет бюджетіне қайтарылған. «Жекелеген компаниялар тарапынан декларациялау кезінде 17 млрд теңгеден астам қаржын жасырып қалу жағдайлары анықталды. Қосымша кедендік реттеуден түскен 285 млн теңге де мемлекет қоржынына қайтарылды, яғни Қазақстан аймағына өткізу үшін кедендік құны төмендетілген тауарлар әкелінді»,-деді…

0
0
199