Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айгүл Сәдуақасова: Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі елде бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалуына байланысты

«Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі елде бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалуына байланысты»,- деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этникааралық және конфессияаралық зерттеулер орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова Астанада «ҚХА-ның 20 жылдығы: қазақстандық сәйкестікті нығайтудың жаңа кезеңі» атты сарапшылық талқылау барысында.

2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде жаңа стратегиялық мақсат қойылды. «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағдары елді жаңғырту тақырыбы болды.

Қазіргі кезеңде сарапшылар жаңғыртудың екі кезеңін бөліп көрсетеді: бастапқы жаңғырту немесе экономиканың аграрлық түрінен өнеркәсіптік түріне ауысу кезеңі және ғылымды көп қажет ететін экономиканы құруға байланысты қайта жаңғырту. Сонымен қатар, халық арасындағы бірлік пен татулық, тұрақтылықтың да маңызы аса зор екені мәлім.

«Біз елдің ішкі және сыртқы жағында орын алған мемлекеттің қалыптасуы мен оған қатысты  тәуекелдермен байланысты болған Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасу кезеңінен өттік. Қазақстан бүгінде өзін-өзі қалыптасқан мемлекет ретінде мәлімдеп отыр. Ал, бүгінде елде жарияланған 5 институционалды реформа елдің тұрақты әрі қарқынды дами отырып, әлемнің дамыған деген 30 мемлекетінің қатарына қосылуға деген ұмтылысының көрінісі. Бұл өте зор, биік міндет. Осы мақсатқа тек тұрақтылық пен бірліктің арқасында қол жеткізуге болады, ал жағдайды тұрақсыздандыруға итермелейтін факторлар онсыз да жеткілікті»,-деді А.Сәдуақасова.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанда барлық азаматтардың дамуы үшін барлық шарттар қалыптасқан.

«Біз азаматтық принцип негізінде қазақстандық сәйкестік туралы айтқанда, Қазақстан тәуелсіз, қалыптасқан мемлекет, оның азаматтары этникалық, нәсілдік, әлеуметтік және өзге де белгілеріне немесе  діни көзқарасына қарамастан, тең құқылы азаматтар деп нық сеніммен мәлімдейімз. Қазақстанда Конституциялық, заңнамалық, нормативті база мен әлеуметтік, экономикалық, мәдени шарттар елдің барлық азаматтарының дамуына мүмкіндік беретін бірыңғай бүтін дүниеге айналған. Қазақстанның осыған дейінгі уақытта шешіп келе жатқан басты мәселелерінің бірі – елді үйлесімді ету, этникааралық, конфессияаралық шиеленістерді болдырмау»,-деп қорытты ол.

Ақпарат көзі

0
0
589

Осы тақырып бойынша

Айгүл Сәдуақасова: Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі елде бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалуына байланысты - Yvision.kz