Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Алматы облысында қант қызылшасының егіс көлемі 4 мың гектарға дейін ұлғайтылды

Алматы облысында сапалы тұқымдар мен қызмет көрсету-дайындық орталықтары мен шаруаларды қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы Амандық Баталов Көксу қант зауытындағы жөндеу жұмыстарымен танысып, шырынтазарту цехы мен қант қызылшасын қайта өңдеу цехында болды. Жөндеу жұмыстарының осы кезеңіне 190 адам тартылған. Күзге таман тағы 600 адам жұмысқа тартылады. Зауытта болған соң облыс әкімі «Қайрат» және «Әлім-Таяр» шаруа қожалықтарының қант қызылшасы егілетін аймақтарын аралады. «Қайрат» шаруа қожалығында 20 гектар жерге қант қызылшасы себілген, ал «Әлім-Таяр» қожалығында қант қызылшасы себілген алқап 68 гектарды құрайды. Аталған кезеңде тәтті тамыр екі рет суарылған…

0
0
345

Р. Жошыбаев: ҚР-да 19 ел үшін визасыз режимді кеңейту инвестиция тартуға бағытталған

Қазақстанның 19 мемлекетке дейін экономикалық дамушы ел азаматтары үшін визасыз режим бойынша қолданыстағы пилоттық жобаны кеңейту бастамасы инвесторларды, шетелддік іскери тұлғалар мен туристерді тартуға бағытталған, деп хабарлады сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында. «Қаулы әрекеті Қазақстанға қысқа мерзімге келуге ниет білдірген барлық азаматтарға таралады. Қазақстанның бұл бастамасы екіжақты қарыс қатынасты нығайтуға, әлеуетті инвесторлар, шетелдік іскери тұлғалар, туристер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған», деді Р. Жошыбаев. Бұл ретте вице-министр аталмыш шешімнің алдағы екі жылға жоспарланған көлемді шараларды өткізу кезінде оң ықпал ететінін айтты, оның ішінде Астана…

0
0
341

Мембасқару академиясы меморгандар қызметіне Ұлыбританияның жобалық менеджментті қолдану тәжірибесін енгізеді

Лондонда Ұлыбританияның ұлттық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі агенттік (МРА) қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мембасқару академиясымен мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық менеджмент қағидаларын енгізу тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлады МБА баспасөз қызметінен. Хабарда айтылғандай, қазіргі таңда МРА жалпы бюджеті 500 млрд фунт стерлинг болатын 200 ұлттық жобаның жүзеге асырылуын бақылайды. Аталмыш бақылау жобалық менеджмент қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі міндеті проблемалы аймақтарды уақытылы табу және оларды түзету бойынша шаралар әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын қадағалау, оның басқа нысандарға теріс әсерін тигізбеуін, ұзақ мерзімді жобалар болса, оның болашақ ұрпаққа әсерін қадағалау. Соның арқасында 2012-2014 жылдары жү…

0
0
362

Қызылорда облысында балаларға арналған алғашқы ойын-сауық орталығы ашылды

Астана күні мерекесінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Ақай ауылында тағы бір салтанатты шара өтті. Ауыл бүлдіршіндеріне көптен күткен «Алладин» ойын-сауық орталығы өз есігін айқара ашты, деп хабарлады «Даму» қоры. «Жаңа орталық ойын-сауық аттракциондарымен қатар, танымдық элементтермен (балалар әткеншегі, пластиктен үйшіктер мен балалар қамалы, үрлемелі батуттар, бүлдіршіндерге арналған лабиринт, оқ өткізбейтін кеудешемен атысатын кабина, машиналар, электромобильдер мен балалар паровозы және т.б ), 7D форматындағы 8 орындық мини-кинотеатр , бөбектерге арналған аймақ, «танымдық асханасы» бар отбасылық кафе және тағы басқа да жабдықтармен қамтылған», - делінген хабарламада. Ақай ауылының кәсіпкері Ниязбаев Серік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өз жобасын жүзеге асыру…

0
0
1012

2014 жылы еліміздің кәсіпкер әйелдері шағын және орта бизнес саласындағы жұмыс орындарының 30 пайызын ашты

Қазақстанда кәсіпкер болғысы келетін немесе кәсіпкер болып табылатын, бизнесті неғұрлым тиімді басқаруға ниет білдірген әйелдерге арналған шараларды іске асыру жолымен, әйел-кәсіпкерлердің үлесін арттыру бойынша жан-жақты шаралар қолданылған, әлі де қабылдануда. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйел азаматтарға тиімді шарттар қарастырылған. «2014 жылы әйел кәсіпкерлер 795 жұмыс орнын ашты, бұл шағын және орта бизнес бойынша ашылған жұмыс орындарының 30 пайызы»-, деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, әлеуметтану ғылымының докторы Раушан Сәрсембаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100…

0
0
643

Нұрсұлтан Назарбаев Уфада Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесті

Қазақстан Президенті Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Мохаммад Гани екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, өзге де салалардағы қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, тараптар екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылының мәселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар, Ауғанстанда болып жатқан өзгерістер әңгімеге арқау болды. Қазақстан Президенті соңғы жылдары Ауғанстан күрделі жолдан өткеніне тоқталды. «Көршілес әрі бауырлас ел ретінде сіздер үшін біз шын көңілмен уайымдаймыз. Біздің елдеріміз бір өңірде орналасқан және тарихи тұрғыдан халықтарымыз…

0
0
377

Германия ынтымақтастық жылдары Қазақстанға 3 млрд доллар инвестициялады

Берлинде Қазақстан-Герман Іскерлік кеңестің отырысы өтіп, оған кеңестің тең төрағалары – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев және «Deutsche Bank AG» компаниясының Басқарушы директоры Питер Тильс қатысты, деп хабарлады холдинг. Deutsche Bank және «Бәйтерек» холдингінің қатысуымен ұйымдастырылған отырысқа Қазақстанның түрлі компаниялары, сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация да қатысты. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап түрлі мәселелер бойынша елімізге тұрақты қолдау көрсеткен Германия бүгінде Қазақстанның сенімді әрі…

0
0
324

ЕЭК газ турбиналарына салынатын салымдарды уақытша тоқтатты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мәжілісінде сауда, техникалық реттеу, өнеркәсіп саясаты мен кедендік ынтымақтастық мәселесі сөз болды. Нақтырақ айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы сырттан келетін тауарларға деген кедендік салымдардың ставкаларын уақытша 6,7 пайыздан 0 пайызға дейін төмендету жөнінде шешім қабылдады. Бұл шешім негізінен қуаты 50 000 кВт болатын газ турбиналарына қатысты қабылданды, және ол 2015 жылдың 2-қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың 31-тамызына дейін күшінде болмақ. ЕЭК-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шара ЕАЭО аясындағы елдерде қуаты мықты газ турбиналарын шығару ісіне кеңейту мен ұйымдастыруға қажетті шарттарды қалыптастыруды және энергомашинақұрылысы саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Қарастыр…

0
0
436

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Талғат Ахсамбиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» көшу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. «Заң жобасы су ресурстарын одан әрі де тиімді пайдалану, жаңғыртылатын энергия көздері, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұрақты әрі жоғары деңгейде дамыған ауыл шаруашылығын дамыту, ауаның ластануын төмендету, қоршаған орта мен өмірдің экологиялық сапасын арттыруға бағытталған институционалды тетіктерге көшу мәселелерін қарастырады»,-деді Талғат Ахсамбиев. Оның сөзінше, заң жобасындағы «жасыл» экономикаға қатысты өзгерістер 10 заңнамалық актіні қамтиды. «Су ресурстарын тұрақты…

0
0
379

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы Астанада 15 шілде күні өтеді

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қ.Жақыпов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкім қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылы 15 шілдеде, сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», - делінген өкім мәтінінде. Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган. 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi с…

0
0
444