Қазақстан 19 мемлекет үшін визасыз режим орнатты — СІМ
Қазақстан Үкіметі визасыз режим орнатылған экономикалық жағынан дамыған мемлекетер санын 19-ға жеткізді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің комиссары Рәпіл Жошыбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
«ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 26-шілдесіндегі № 483 қаулысына сәйкес, Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония елдері 2015 жылдың 16-шілдесінен 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін мемлекеттік шекарадан өткеннен кейінгі 15 күнге дейінгі визалық талаптардан босатылады»,-деді Р.Жошыбаев.
Бұл ретте ол аталған елдердің азаматтарының Қазақстанға қанша рет келсе де өздері білетіндігін, бұл ретте ешқандай да шектеулердің жоқ екендігін айтты.
«Осы мерзімде Қазақстан Республикасы мойындайтын құжаттардың иелері болып табылатын мемлекеттердің азаматтары Қазақстанға шекарадан асқаннан кейін 15 күн ішінде визасыз жүрулеріне және елімізге қанша рет болса да кіріп, немесе шығуларына ешқандай шектеу қойылмайды»,-деді министрдің орынбасары.
Еліміздің заңнамаларына сәйкес, Қазақстан шекарасынан өткен визасыз режим енгізілген мемлекеттердің азамттарының мұнда жүріп еңбек етулеріне, миссионерлік қызметпен айналысуларына немесе өзге де ақылы жұмыстармен айналысуларына шектеу қойылады.
«Біз, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЕО-ға шығатын біздің ел азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету бойынша белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Еуропалық тарап та осы бағытта жұмыс жасауда, және заңсыз көші-қонмен күрес, ұйымдасқан қылмыспен күрес, ел азаматтарын қайтару, уақытша баспана беру мәселелерінде ауропалық нормаларға қазақстандық заңнаманың үйлесуі жағдайында, жеңілдетілген визалық тәртіп және әкімшілік миссия туралы Қазақстанмен келісімге қол қоюға дайын. Шекаралық қадағалау басқармасымен ол есірткі трафигімен күрес, төлқұжаттардың қорғаныс сипаты мен биометрикалық құжаттарда сақталатын ақпараттың қорғанысын арттыру», - деді Р.Жошыбаев.
«Біз аталмыш құжат қабылданғасын біздің ел азаматы үшін жеңілдетілген визалық режимге қол жеткізу бойынша еуропалық мемлекетпен нақты келіссөздерге көшуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деп толықтырды ол.
Атап өту керек, қазіргі таңда аталмыш жоспар Үкіметте жатыр және жақын уақытта бекітілуі керек.
