Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті шағын бизнесте жатыр – сарапшы
Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті шағын бизнесте жатыр, деді Еуразиялық ықпалдастық институтының Экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
«ҚР Президенті айтқан құрамына 30 мемлекет кіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына көшу біз үшін маңызды және біз соған ұмтылып отырмыз. Осы ерте шағын кәсіпкерлік саласына маңыз берген жөн, өйткені тап осы салада елдің экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті жатыр»,-деді В.Тельнов.
Оның сөзінше, осы мәселеге байланысты ДСҰ-ға мүше өзге елдермен бәсекелестік жағдайында күресе алуға жағдай жасау үшін шағын бизнесті қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама қажат. «Бизнес-инкубатор, технопарктер, несиелік одақтар сияқты тиісті қолдаудың тиісті инфрақұрылымын қалыптастыру қажет. ДСҰ-ға кіргеннен кейін ішкі нарықта жаңа шарттар негізінде жұмыс істейтін кадалар дайындау туралы кәсіпкерлер арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешу қажет»,-деді сарапшы.
Бұған қоса, ол ДСҰ-ға кіргеннен кейінгі басты назарда ұстау қажет мәселелердің бірі жаһандық деңгейдегі жаһандану үдерісіне тиімдірек ықпал ету болып табылады, бұл ретте ҚР Президентінің Ресей, Қытай және БРИКС сияқты өзге де елдермен бірлескен G-Global идеясы маңызды рөл атқаратын болады.
G-Global – бұл әлемнің сарапшылар қауымдастығына әлем экономикасы мәселелері жөнінде интерактивті, ашық және бұқаралық пікірталастар, пікірсайыстар жүргізуге жағдай жасайтын көпфункциялы платформа.
Жоба әлемдік қаржы дағдарысынан шығу механизмдерін талқылауға және жасауға бағытталған және дағдарысқа қарсы шешімдер іздеуге қатысушылар қатарын қарқынды кеңейтуге арналған.
G-Global-дың миссиясы - әлем халықтарының бірыңғай және тең құқылы диалог жасауы арқылы әлем қауымдастығының жұмыс нәтижелілігін арттыру, зерттеулер жүргізу, мемлекеттік, қоғамдық, ақпараттық және бизнес құрылымдары ортасынан өкілдерді кеңінен тарту арқылы ұлттық экономикаларды және ғаламдық қауымдастықты дамытудың өзекті проблемалары мен бағыттары жөнінде ұсыныстар мен бағдарламалар құру және әзірлеу.
«Қазақстаннның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстары басталды және еліміз тұрақты әрі мақсатты түрде алға жылжитын болса, ол үлкен белестерді бағындырады, бұл күмәнсіз»,-деді В.Тельнов.
