Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Б. Сапарбаев: 2015 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі біліммен қамту 81% -ды құрайды

2015 жылдың соңына дейін 160 мектепке дейінгі мекеме ашылады, ол балалардың 81 пайызын біліммен қамтамасыз етеді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

« «Балапан» бағдарламасының жүзеге асуының арқасында бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды біліммен қамту 78,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін 160 мектепке дейінгі мекеме салынбақ, балалардың 81 пайызын біліммен қамтимыз», - деді Б.Сапарбаев.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі мекемемен балаларды қамту жол картасы әзірленді.

«Бұл картаға сәйкес, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 18, жеке инвестициялар есебінен 324 мектепке дейінгі мекеме салынды. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту 2020 жылға дейін жүзеге асады», - деді ол.

Сондай-ақ, Б. Сапарбаев Техникалық-кәсіби білім беру колледждерінің саны 370-ке дейін жететіндігін айтты.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, дуальды білім беру жүйесінің Жол картасы әзірленді, аталған бағдарлама бойынша техникалық-кәсіби білім беру колледждерінің саны 370-ке дейін жететін болады, деді Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Орталық коммунмкациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Ал техникалық-кәсіби білім беруге келетін болсақ, Үкіметтің қаулысымен дуальды білім беру жүйесінің Жол картасы әзірленді. Аталған бағдарлама бойынша колледждердің саны 280-нен 370-ке дейін жеткізіледі. Ең бастысы бұл жерде теориялық білімді қысқартып, өндірістік білім беру,  оқу орындарының жұмыс берушілермен байланыстарын арттыру маңызды болып табылады. Қазіргі таңда нарық сұранысына сәйкес, келісімдік дайындық жүргізілуде. ИИДМБ 6 саласы бойынша, кадралар дайындау ісіне 10 колледж бен 10 жоғары оқу орны нақтыланды»,-деді Б.Сапарбаев.

Оның сөзінше, өткен жылдан бері «Серпін-2050» жобасы бойынша, жұмыс күші шектен тыс көп аудандардан 2 мың 50  студент жіберілді. «Бұл бағдарлама биылғы жылы 2,5 есеге артады. Бірін-бірі қайталайтын мамандықтарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Техникалық кәсіби білім беру мамандарын дайындау мерзімі қысқартылып, жоғары оқу орындарының желісі оңтайландырылуда»,-деді вице-премьер.

Сонымен қатар, 126 жоғары оқу орнында студенттердің 28 пайызы техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы және фундемнталды мамандықтар бойынша білім алуда.

Ақпарат көзі

 

0
0
406

Осы тақырып бойынша

Б. Сапарбаев: 2015 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі біліммен қамту 81% -ды құрайды - Yvision.kz