Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Р. Жошыбаев: ҚР-да 19 ел үшін визасыз режимді кеңейту инвестиция тартуға бағытталған

Қазақстанның 19 мемлекетке дейін экономикалық дамушы ел азаматтары үшін визасыз режим бойынша қолданыстағы пилоттық жобаны кеңейту бастамасы инвесторларды, шетелддік іскери тұлғалар мен туристерді тартуға бағытталған, деп хабарлады сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында.

«Қаулы әрекеті Қазақстанға қысқа мерзімге келуге ниет білдірген барлық азаматтарға таралады. Қазақстанның бұл бастамасы екіжақты қарыс қатынасты нығайтуға, әлеуетті инвесторлар, шетелдік іскери тұлғалар, туристер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған»,  деді   Р. Жошыбаев.

Бұл ретте вице-министр аталмыш шешімнің алдағы екі жылға жоспарланған көлемді шараларды өткізу кезінде оң ықпал ететінін айтты, оның ішінде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі мен Алматыдағы Қысқы универсидада-2017 бар.

19 мемлекеттің (Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерландия, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония) шетелдік азаматтарын тіркеу тікелей олар Қазақстан аумағына өткен сәттен бастап қазақстандық шекаралық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.

«Керек болған жағдайда жоғарыда аталған ел азаматтарының Қазақстанда болу мерзімін қызметтік мақсатқа байланысты 15 күннен 30 күнтізбелік күнге дейін созу үшін «іскери» санатындағы бір реттік виза беру заңда көрсетілген тәртіпте ҚР ішкі істер органына тиісті өтінім берген кезде ғана жүзеге асырылады»,  деді   Р. Жошыбаев.

«Біз, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЕО-ға шығатын біздің ел азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету бойынша белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Еуропалық тарап та осы бағытта жұмыс жасауда, және заңсыз көші-қонмен күрес, ұйымдасқан қылмыспен күрес, ел азаматтарын қайтару, уақытша баспана беру мәселелерінде ауропалық нормаларға қазақстандық заңнаманың үйлесуі жағдайында, жеңілдетілген визалық тәртіп және әкімшілік миссия туралы Қазақстанмен келісімге қол қоюға дайын. Шекаралық қадағалау басқармасымен  ол есірткі трафигімен күрес, төлқұжаттардың қорғаныс сипаты мен биометрикалық құжаттарда сақталатын ақпараттың қорғанысын арттыру», - деді Р.Жошыбаев.

«Біз аталмыш құжат қабылданғасын біздің ел азаматы үшін жеңілдетілген визалық режимге қол жеткізу бойынша еуропалық мемлекетпен нақты келіссөздерге көшуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деп толықтырды ол.

Атап өту керек, қазіргі таңда аталмыш жоспар Үкіметте жатыр және жақын уақытта бекітілуі керек.

Ақпарат көзі

 

0
0
384

Осы тақырып бойынша

Р. Жошыбаев: ҚР-да 19 ел үшін визасыз режимді кеңейту инвестиция тартуға бағытталған - Yvision.kz