Владимир Тельнов: Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі ішкі экономикалық бірқатар мәселені шешуге ықпал етеді
«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі маңызды ішкі экономикалық мәселелерді шешеді, ол еңбек өнімділігінің өсімі, шығындарды қысқарту»,- деді ОКҚ брифингінде Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов.
«Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің жоспарлы қорытындылары: бір жағынан, қазақстандық тұтынушы – бизнес пен халық ірі және әр түрлі тауар нарығы мен қызметке ие болады. Ол халық деңгейінің көтерілуі, екінші жағынан экономикалық салада мықты бәсекелестік орта пайда болады. Бірінші кезекте, қысымды текстильді, астық өнеркәсібі, машина жасау, қаржы секторы, сақтандыру компаниялары», - деді В.Тельнов.
Оның айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы – елдің бәсекелестігін арттыратын қосымша стимул.
Біздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп отырған шарттарымыз бізге теңқұқықлы қатысушы болуымызға барлық мүмкіндіктерді береді және біздің аталған ұйымға мүше болудан туындауы мүмкін қиындықтарды еңсерудегі әлеуетіміз өте зор, деді Еуразиялық ықпалдастық институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру барысында қоятын басты талаптардың бірі, отандық тауарлар мен қызметтер үшін шетелдік нарықта мықты жағдайлар жасау, түрлі халықаралық құралдардың көмегімен түрлі дауларды шешу мүмкіндігі. Бұл кезекте ДСҰ құралдарымен, сырттан инвестициялар тарту, қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға қажетті шарттарды қалыптастыру, ұлттық мүдде негізінде халықаралық сауда құқықтарын қалыптастыру, халықаралық тауар айналымына қатысушы ретінде елдің имиджін жақсартумен байланысты»,-деді В.Тельнов.
Оның сөзінше, Қазақстанның қолжеткізілген ашықтық деңгейі елге әлемдік экономикалық және технологиялық прогреске ықпалдасуға мүмкіндік береді.
«Жалпы алғанда ДСҰ-ға мүше болған соң онымен ықпалдасып, кейіннен опық жеп қалу жағдайлар аз емес. Ал біздің аталмыш ұйымға мүше болу деңгейіміз онымен теңқұқықлы мүше болуымызға толық мүмкіндік береді. Біздің ұйымға мүше болған кезімізде орын алуы ықтимал қиындықтарды еңсеруге деген әлеуетіміз зор»,-деді сарапшы.
