Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Курчатовта ШОБ кәсіпкерлігінің саны 16,2 пайызға өсті

Курчатов қаласында жыл басынан бері шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 16,2 пайызға өсті, деп хабарлады Шығыс Қазақстан Облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 2015 жылдың 6 айы бойынша аудан және қала рейтингтері бойынша Курчатов 4-ші орын алды. Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметінше, өндірістік өнім көлемі 1 123,3 млн теңгені құрады, ол 2014 жылдың көрсеткішінен 4,2 млн теңгеге жоғары. Шағын және орта бизнес кәсіпорыны 16,2 пайызға көбейді, мал шаруашлығы өсуде. Тамыз айында 600 орындық мектептің құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, еліміздің өзге өңірлеріндегі осы тақырыптағы жаңалықтарды еске түсіріп өтсек, Қарағанды облысында жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты және 91,1 мың дананы құрағандығын экономика және қаржы басқармасының бастығы Ольг…

0
0
299

Қарағанды облысында ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты – әкімдік

Қарағанды облысында жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты және 91,1 мың дананы құрады, деп хабарлады экономика және қаржы басқармасының бастығы Ольга Чернявская ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындысына арналған отырыста. Ол атап өткендей, өндірістік өнім көлемі 613,9 млрд теңгені, ФКИ – 110,8% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 44 млрд теңгені көрсетті. Ал, негізгі капиталға 158,8 млрд теңге инвестицияланды. «Жалпы, 162,7 мың шары метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Салық пен өзгеде міндетті төлемдер түсімі 105,5 млрд теңгені құрады, ал шығын көлемі - 97,6 млрд теңге болды», - деп хабарлады О.Чернявская. Сонымен қатар, аймақтың сыртқы сауда айналымы 2 млрд 498,2 млн долларды құрады. Ал, тұтынушылар бағасының индексі ағымдағы жылдың…

0
0
175

ҮИИДМБ: 5 жыл ішінде Қарағанды облысында Индустрияландыру картасы бойынша 58 кәсіпорын іске қосылды

Қарағанды облысында ҮИИДМБ жүзеге асырылған 5 жыл ішінде жалпы сомасы 6,5 трлн теңгенің өндірістік өнімі өндірілді. Сонымен қатар, бір жарым трилионнан астам қаржы инвестицияланды, оның ішінде 1 трлн теңгеден астамы өндіріске инвестицияланды. Бұл туралы аппарат отырысында белгілі болды. Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, облыста Индустрияландыру картасы бойынша 58 кәсіпорын іске қосылып, 4600 жаңа жұмыс орны ашылды. Аймақтың барлық 18 ауданы Индустрияландыру картасында бар. «Жобалар өндірістің 12 саласы бойынша ұсынылған. 13 жоба шетелдік инвесторларды есепке ала отырып жүзеге асырылды, тағы 12-і өнімді экспорттаушылар болып табылады», - делінген хабарламада. Сонымен қатар, 2010-2014 жылдар аралығында жаңа өндіріс ошақтары 200 млрд теңгенің өндірістік өнімін өндірген. Ал, ИИДМБ-2 келетін бо…

0
0
672

Елорданың «Саранда» шағын ауданында 240 орынға есептелген балабақша ашылды

Мыңдаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері тұратын «Саранда» шағын ауданында Көлік қызметкерлері күні қарсаңында 240 орындық балалар бақшасы ашылды. «Бүгін «Саранда»тұрғын кешенінде айтулы да маңызды оқиға болып жатыр. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша салынған заманауи балабақшаның бүгінгі ашылуы, Темір жол көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтіп жатқаны баршаңызға мәлім. Бірегей құрылыс қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің халықаралық үлгідегі барлық талаптарын ескере отырып салынған,-деп атап өтті балабақшаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Қазақста Темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Қамалиев. Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұдан кейін сөз алған сала ардагерлері Бертран Рубенштейн мен Марат Хамзин, Аста…

0
0
395

А. Рау: ҚР-да 100 шақты компания энергия үнемдеу мақсатында энергетикалық аудит жүргізуде

ҚР-да 100 шақты компания энергия түнемдеу мақсатында энергетикалық аудит жүргізеді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау. «Ұлт жоспарының 59-ші қадамында энергия үнемдеу саласына тнвесторларды тарту қарастырылған, олар энергия сервистік келісім шарттар арқылы жүзеге асады. Бірінші бесжылдықты аяқтау аясында Қазақстан Республикасының Президенті энергия үнемдеу бойынша мақсат қойды. Тарихта бірінші рет энергия тиімдеумен мақсатты түрде айналыса басталды. Бірінші бесжылдықта Президент ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10 пайызға түсіруді тапсырды, ол 18 пайызға макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша төмендеді», - деді Альберт Рау. Вице-министр атап өткендей, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар барлық стандартқа сәйкес топтастырылған. «Бастысы, бірінші бесжылды…

0
0
435

А.Рау: Энергияны тұтыну көлемін 2020 жылға қарай 25%-ға азайту -Қазақстанның стратегиялық міндеті

ҚР Президентінің 2020 жылға қарай энергияны тұтыну көлемін 25%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға қысқарту тапсырмасы біздің стратегиялық міндетіміз, деді ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Альберт Рау ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында. «Кеше біз энергияны үнемдеу бойынша «Рива» германиялық компаниямен келіссөз өткіздік, бұл компанияның миллиардтаған (еуромен) айналымы бар, ол қазкомпанияны жаңғыртуға қызығушылық танытып отыр. Оларда арзан несиелік ресурстар бар және олар біз сияқты бірінші кезекте өндіріске қызығушылық танытып отыр», - деді А.Рау. Ол атап өткендей, Қазақстанның электр энергияны ең көп тұтынатын секторы өндіріс, онда ең көп резервтер бар. «ҚР Президентінің 2020 жылға қарай энергияны тұтыну көлемін 25%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға қысқарту тапсырмасы біздің стратегиялық…

0
0
514

Энергосервистік компаниялар инвесторларға қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді – ҚР ИДМ

Энергия саласының қызметін жаңғырту әдістерінің бірі энергосервистік компаниялардың жұмысы, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау. «Энергосервистік компаниялар пайымдауынша, жаңғыртады, орнатады ал өзінің табысын тиімділенген энергия ресурстарынан алады. Олар шетелдік инвесторларға үнемділеуге мүмкіндік береді. Неғұрлым көп мөлшерде тиімді бола түссе, соғұрлым компания инвестицияларды кері қайтара алады», - деді А.Рау. Оның айтуынша, осы жылдың басында заңға өзгертулер енгізілді, онда «энергосервистік компаниялар» мен «жнергосервистік келісім шарт» заңнамалық ұстанымдарына ие болды. «Компанияның өз инвестицияларына ие болуы үрдісі көрсетілген. Біз бюджеттік заңнамаға және табиғи монополияларға қатысты өзгертулер енгіземіз», - деді А.Рау. Вице-мини…

0
0
290

АҚШ-та Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді

АҚШ-та Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған деректі фильмнің ресми тұсаукесері өтеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы МСМ баспасөз қызметі. 3 және 12 тамыз аралығында АҚШ-та ҚР МСМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Асқар Тәжиев, сонымен қатар ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері қатысып жатқан IVLPondemand халықаралық сапарлар бағдарламасы өтуде. Бағдарламаның ашылуы «WorldLearning» кеңсесінде өтті. Салтанатты шараға қазақстандық делегация мүшелерімен қатар, Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік департаментінің өкілдері де қатысты. Делегация жұмысы Смитсон институты, Тарихи объектілерді сақтау Ұлттық Қор Ассоциациясы, Джордж Вашингтон университеті, Нью-Мексико штатының Пе…

0
0
315

Көптеген қазақстандық заңгерлер жоғары деңгейдегі халықаралық сотта жұмыс істейді — сарапшы

Екінші институционалды реформа «Заңның үстемділігін қамтамасыз ету» Астанада Дубайдың тәжірибесі негізінде AIFC халықаралық арбитаж орталығын құруды көздейді. Алайда, көптеген қазақстандық заңгерлер қайта оқудан өтуді қажет етпейді және олар бүгіннің өзінде халықаралық деңгейдегі соттарда жұмыс істеуде, деп ағынан жарылды «Еуразиялық құқық қорғау оратлығы»ҮЕҰ төрағасы Ермек Абрасулов ОКҚ-да өткен баспасөз конференцияда. «Менің ойымша бұл жақсы ой. Барлық халықаралық соттар бір-бірінің тәжірибесін зерттейді. Ең қызықты, аты шулы шешімдер негізге алынады», - деді Е.Абрасулов. Баламалы әділет, мемлекеттік емес, сарапшының пайымынша бәсекелестік деңгейін көтереді, ал мемлекеттік соттар өздерінің жұмыстарын жақсартуда жаңа мүмкіндіктерге ие болады. «Менің есептеуімше, бүгінде қазақстандық заңг…

0
0
353

Петропавлда әуежайды жаңғырту жұмыстары басталды

Петропавлда әуежайды жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ИДМ Азаматтық авиация комитеті. 2015 жылдың 28 шілдесінде «Петропавл қаласының ОВИ-1 жарықсигналды қондырғысы мен ұшып-қону жолағының құрылысын жөндеу» жобасын жүзеге асыру басталды. «Петропавл қаласының бас мердігері өткізілген байқау бойынша ОВИ-1 АҚ компаниясы атанды. Оған жобаның жобалық-сметалық жұмыстары берілді», - делінген хабарламада. Жоба ұшу-қону жолағының 10 см-лік қалыңдығы,300 м кеңейту, созылауы 18 м кеңеюі және перронның жөнделуі қарастырылған. Жаңғырту жұмыстарынан кейін А-320-200, А-310-300, Боинг-767-200/300, Боинг-757-200/300 әуе кемелері қона алады. 1978 жылы жұмысын бастаған Қызылжар әуевокзалы күні бүгінге дейін жөндеу көрмеген. Кеңес Одағы кезінде ол күніне сексенге жуық рейске қ…

0
0
330