А.Рау: Энергияны тұтыну көлемін 2020 жылға қарай 25%-ға азайту -Қазақстанның стратегиялық міндеті
ҚР Президентінің 2020 жылға қарай энергияны тұтыну көлемін 25%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға қысқарту тапсырмасы біздің стратегиялық міндетіміз, деді ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Альберт Рау ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
«Кеше біз энергияны үнемдеу бойынша «Рива» германиялық компаниямен келіссөз өткіздік, бұл компанияның миллиардтаған (еуромен) айналымы бар, ол қазкомпанияны жаңғыртуға қызығушылық танытып отыр. Оларда арзан несиелік ресурстар бар және олар біз сияқты бірінші кезекте өндіріске қызығушылық танытып отыр», - деді А.Рау.
Ол атап өткендей, Қазақстанның электр энергияны ең көп тұтынатын секторы өндіріс, онда ең көп резервтер бар.
«ҚР Президентінің 2020 жылға қарай энергияны тұтыну көлемін 25%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға қысқарту тапсырмасы біздің стратегиялық міндетіміз. Бүгінде энергияны үнемдеу бойынша ҚТЖ бағдарламасы ең үздігі, олардың энергоаудит бойынша нәтижелері өте жақсы», - деп толықтырды А.Рау.
Вице-министр атап өткендей, ҚР-ның көлік пен өндірісте энергияның үлкен резервтері бар. Оның айтуынша, Ұлт жоспары аясында 59 қадамның шаралары жүзеге асырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы ұсынған үшінші институционалды реформада энергияны үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту аталып өтілген.
«Ұлт жоспарының 59-ші қадамында энергия үнемдеу саласына тнвесторларды тарту қарастырылған, олар энергия сервистік келісім шарттар арқылы жүзеге асады. Бірінші бесжылдықты аяқтау аясында ҚР Президенті энергия үнемдеу бойынша мақсат қойды. Тарихта бірінші рет энергия тиімдеумен мақсатты түрде айналыса басталды. Бірінші бесжылдықта Президент ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10 пайызға түсіруді тапсырды, ол 18 пайызға макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша төмендеді», - деді А.Рау.
Вице-министр атап өткендей, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар барлық стандартқа сәйкес топтастырылған.
«Бастысы, бірінші бесжылдық бойынша энергия үнемдеудің жүйесін құрастырдық. Мемлекеттік тұрақты энергетикалық реестр жұмыс істеуде, оған 7 мың субъект енді, олардың ішінде жылына 1500 тонна жанармай қолданатындар», - деді А.Рау.
Осы орайда энергия үнемдейтін қазақстандық институт құрылды, ол мемлекеттік энергетикалық реестрдің операторы болып есептеледі.
