Энергосервистік компаниялар инвесторларға қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді – ҚР ИДМ
Энергия саласының қызметін жаңғырту әдістерінің бірі энергосервистік компаниялардың жұмысы, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.
«Энергосервистік компаниялар пайымдауынша, жаңғыртады, орнатады ал өзінің табысын тиімділенген энергия ресурстарынан алады. Олар шетелдік инвесторларға үнемділеуге мүмкіндік береді. Неғұрлым көп мөлшерде тиімді бола түссе, соғұрлым компания инвестицияларды кері қайтара алады», - деді А.Рау.
Оның айтуынша, осы жылдың басында заңға өзгертулер енгізілді, онда «энергосервистік компаниялар» мен «жнергосервистік келісім шарт» заңнамалық ұстанымдарына ие болды.
«Компанияның өз инвестицияларына ие болуы үрдісі көрсетілген. Біз бюджеттік заңнамаға және табиғи монополияларға қатысты өзгертулер енгіземіз», - деді А.Рау.
Вице-министрдің айтуынша, стратегиялық серіктестік туралы dena германиялық энергетикалық агенттігімен келісім орнатылды.
«Коммуналдық сала мен табиғи монополиялар саласы энергияны көп шығындайды. Сондықтан коммуналдық төлемдердің тарифіне инвестициялық құрам қарастырылатын болады. Шығынды тек қана инвестор шығындайды, ол тиімділеу керек. Бізде қазір ҚТЖ-да энегрия үнемдеудің үздік бағдарламасы бар», - деді А.Рау.
«Кеше біз энергияны үнемдеу бойынша «Рива» германиялық компаниямен келіссөз өткіздік, бұл компанияның миллиардтаған (еуромен) айналымы бар, ол қазкомпанияны жаңғыртуға қызығушылық танытып отыр. Оларда арзан несиелік ресурстар бар және олар біз сияқты бірінші кезекте өндіріске қызығушылық танытып отыр», - деді А.Рау.
Ол атап өткендей, Қазақстанның электр энергияны ең көп тұтынатын секторы өндіріс, онда ең көп резервтер бар.
«ҚР Президентінің 2020 жылға қарай энергияны тұтыну көлемін 25%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға қысқарту тапсырмасы біздің стратегиялық міндетіміз. Бүгінде энергияны үнемдеу бойынша ҚТЖ бағдарламасы ең үздігі, олардың энергоаудит бойынша нәтижелері өте жақсы», - деп толықтырды А.Рау.
Вице-министр атап өткендей, ҚР-ның көлік пен өндірісте энергияның үлкен резервтері бар. Оның айтуынша, Ұлт жоспары аясында 59 қадамның шаралары жүзеге асырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы ұсынған үшінші институционалды реформада энергияны үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту аталып өтілген.
