Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

А. Рау: ҚР-да 100 шақты компания энергия үнемдеу мақсатында энергетикалық аудит жүргізуде

ҚР-да 100 шақты компания энергия түнемдеу мақсатында энергетикалық аудит жүргізеді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау.

«Ұлт жоспарының 59-ші қадамында энергия үнемдеу саласына тнвесторларды тарту қарастырылған, олар энергия сервистік келісім шарттар арқылы жүзеге асады. Бірінші бесжылдықты аяқтау аясында Қазақстан Республикасының Президенті энергия үнемдеу бойынша мақсат қойды. Тарихта бірінші рет  энергия тиімдеумен мақсатты түрде айналыса басталды. Бірінші бесжылдықта Президент ЖІӨ энергия сыйымдылығын  10 пайызға түсіруді тапсырды, ол 18 пайызға макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша төмендеді», - деді Альберт Рау.

Вице-министр атап өткендей, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар барлық стандартқа сәйкес топтастырылған.

«Бастысы, бірінші бесжылдық бойынша энергия үнемдеудің жүйесін құрастырдық. Мемлекеттік тұрақты энергетикалық реестр жұмыс істеуде, оған 7 мың субъект енді, олардың ішінде жылына 1500 тонна жанармай қолданатындар», - деді Альберт Рау.

Осы орайда энергия үнемдейтін қазақстандық институт құрылды, ол мемлекеттік энергетикалық реестрдің операторы болып есептеледі.

«Энергосервистік компаниялар пайымдауынша, жаңғыртады, орнатады ал өзінің табысын тиімділенген энергия ресурстарынан алады. Олар шетелдік инвесторларға үнемділеуге мүмкіндік береді. Неғұрлым көп мөлшерде тиімді бола түссе, соғұрлым компания инвестицияларды кері қайтара алады», - деді Альберт Рау.

Оның айтуынша, осы жылдың басында заңға өзгертулер енгізілді, онда «энергосервистік компаниялар» мен «жнергосервистік келісім шарт»  заңнамалық ұстанымдарына ие болды.

«Компанияның өз инвестицияларына ие болуы үрдісі көрсетілген. Біз бюджеттік заңнамаға және табиғи монополияларға қатысты өзгертулер енгіземіз», - деді Альберт Рау.

Вице-министрдің айтуынша, стратегиялық серіктестік туралы dena германиялық энергетикалық агенттігімен келісім орнатылды.

«Коммуналдық сала мен табиғи монополиялар саласы энергияны көп шығындайды. Сондықтан коммуналдық төлемдердің тарифіне инвестициялық құрам қарастырылатын болады. Шығынды тек қана инвестор шығындайды, ол тиімділеу керек. Бізде қазір ҚТЖ-да энегрия үнемдеудің үздік бағдарламасы бар», - деді Альберт  Рау.

Ақпарат көзі

 

0
0
432

Осы тақырып бойынша

А. Рау: ҚР-да 100 шақты компания энергия үнемдеу мақсатында энергетикалық аудит жүргізуде - Yvision.kz