Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елорданың «Саранда» шағын ауданында 240 орынға есептелген балабақша ашылды

Мыңдаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері тұратын «Саранда» шағын ауданында Көлік қызметкерлері күні қарсаңында 240 орындық балалар бақшасы ашылды.

«Бүгін «Саранда»тұрғын кешенінде айтулы да маңызды оқиға болып жатыр. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша салынған заманауи балабақшаның бүгінгі ашылуы, Темір жол көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтіп жатқаны баршаңызға мәлім. Бірегей құрылыс қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің халықаралық үлгідегі барлық  талаптарын ескере отырып салынған,-деп атап өтті балабақшаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Қазақста Темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Қамалиев.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай,  бұдан кейін сөз алған сала ардагерлері Бертран Рубенштейн мен Марат Хамзин, Астана қалалық білім департаменті меңгерушісінің міндетін атқарушы Бағлан Сматаева бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Магистральдық желі дирекциясының менеджері Алтынай Нысанбаева құрылысты жүргізген кәсіпорын мен оған тапсырыс берген Ұлттық компания басшыларына алғысын білдірді.

Айта кету керек, балалар бақшасы соңғы үлгідегі талаптарға сай етіп тұрғызылған. Жап -жаңа екі қабатты ғимаратта әртүрлі 12 жас айырмашылығы бар топтарда жиырма баладан тәрбиеленеді. Олардың жатын орындары мен тәрбиеленетін залдары интерактивтік тақталармен жарақтанған. Бассейн, музыка және гимнастика залдары, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар. Әр топқа арналған спорттық және ойын алаңдарымен қамтылған. Осылайша балалар соңғы үлгідегі техникалармен таныс болып өсуі қарастырылған, оған қоса, жастайынан спортқа бейімдеп, салауатты өмір шарттары қарастырылған.

Балабақша еден арқылы жылытылады. Ақылды «жарық» құралдары бар. Шкафтарда киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге болады. Тамақтану және кір жуу бөлмелері соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Балалардың еркін қозғалысына, жақсы жетіліп-дамуына барлық жағдай жасалған. Қыста балабақша тиісті жылумен қамтамасыз етілетін болады.

Балабақша құрылысы 2014 жылы мамырда басталған болатын. Ол нысан кілтке тапсырылды. Салалық әлеуметтік маңызды ғана емес, бұл шара өз кезегінде Астанадағы балабақша кезегін де азайта түседі.

Ақпарат көзі

 

0
0
394

Осы тақырып бойынша

Елорданың «Саранда» шағын ауданында 240 орынға есептелген балабақша ашылды - Yvision.kz