«Денсаулық жолы — 2015» акциясының шеңберінде ЖМК-ның шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындары үшін «Денсаулық жолы» акциясы өткізілуде. Акция шілденің 1-нен тамыздың соңына дейін жалғаспақ. Шараның басты мақсаты - ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша көмек көрсету. «Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 3 және 9 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер (ЖМК) Маңғыстау облысы Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының шалғайдағы ауылдарына барады, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ. Аталып өткендей, Шебір, Шайыр, 1, 2 және 3 Маңғыстау ауылдарының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының шығуы окулистердің,…