Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көптеген қазақстандық заңгерлер жоғары деңгейдегі халықаралық сотта жұмыс істейді — сарапшы

Екінші институционалды реформа «Заңның үстемділігін қамтамасыз ету» Астанада Дубайдың тәжірибесі негізінде AIFC халықаралық арбитаж орталығын құруды көздейді. Алайда, көптеген қазақстандық заңгерлер қайта оқудан өтуді қажет етпейді және олар бүгіннің өзінде халықаралық деңгейдегі соттарда жұмыс істеуде, деп ағынан жарылды «Еуразиялық құқық қорғау оратлығы»ҮЕҰ төрағасы Ермек Абрасулов ОКҚ-да өткен баспасөз конференцияда.

«Менің ойымша бұл жақсы ой. Барлық халықаралық соттар бір-бірінің тәжірибесін зерттейді. Ең қызықты, аты шулы шешімдер негізге алынады», - деді Е.Абрасулов.

Баламалы әділет, мемлекеттік емес, сарапшының пайымынша бәсекелестік деңгейін көтереді, ал мемлекеттік соттар өздерінің жұмыстарын жақсартуда жаңа мүмкіндіктерге ие болады.

«Менің есептеуімше, бүгінде қазақстандық заңгерлер жоғары деңгейдегі соттарда жұмыс істейді. Арнайы оқуды қажет етпейді, алайда жаңадан жұмысын бастағандар үшін оқу ұйымдастыруы керек», - деп атап өтті ол.

«Біздің заңдарымыздың талаптары Конституция талаптарына сәйкес болуы өте маңызды. Бұл ретте бізде жақсы тетіктер де бар. Конституцияны құқықтық қорғаудың субъектісі ретінде Конституциялық кеңес пен сот және өзге де органдар бар. Бар мәселе Конституция талаптарына сай келе бермейтін құқықтық актілердің көп болуына байланысты болуы мүмкін. Біз өзіміздің ведомстволарымызды білеміз, комитет өкілдері өте көп құқықтық актілер шығарады. Мұндай құжаттарға қарсылық білдірілген кездерде болды»,-деді Е.Абрасулов.

«Еуропалық құқық қорғау орталығы» өкілінің сөзінше, заңнамалық реттеулерді түбірімен жою қажет деген пікірлер де айтылып жатыр.

«Меніңше, амал жоқ жағдайда қолдануға болатын шешім шығар, өйткені заңның қалтарыс-бұлтарыстарына дейін реттемейінше, қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда, біздің бүгінгі мақсатымыз заң талаптарына қайшы келетін немесе заңды бұрмалауға жол беретін заңнамалық актілердің күшіне енуіне жол бермеу»,-деп түсіндірді ол.

Заң үстемдігінің доктринасы сот жүйесін жаңа деңгейге көтеруге қауқарлы.

«Мемлекет басшысының сот деңгейлерін 5-тен 3-ке дейін қысқарту жөніндегі ұсынысы дұрыс. Бұл заңның бірыңғайлылығын қаматамсыз етуге бағытталған өте ұтымды шешім. Ендігі мәселе заңдардың біркелкі пайдаланылуында болып отыр. Ол үшін сот тәжірибесі мен сот актілерінің мониторингіленуі, жалпыландырылуы маңызды»,-деп қорытты ол.

Ақпарат көзі

 

0
0
352

Осы тақырып бойынша

Көптеген қазақстандық заңгерлер жоғары деңгейдегі халықаралық сотта жұмыс істейді — сарапшы - Yvision.kz