Қарағанды облысында ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты – әкімдік
Қарағанды облысында жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты және 91,1 мың дананы құрады, деп хабарлады экономика және қаржы басқармасының бастығы Ольга Чернявская ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындысына арналған отырыста.
Ол атап өткендей, өндірістік өнім көлемі 613,9 млрд теңгені, ФКИ – 110,8% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 44 млрд теңгені көрсетті. Ал, негізгі капиталға 158,8 млрд теңге инвестицияланды.
«Жалпы, 162,7 мың шары метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Салық пен өзгеде міндетті төлемдер түсімі 105,5 млрд теңгені құрады, ал шығын көлемі - 97,6 млрд теңге болды», - деп хабарлады О.Чернявская.
Сонымен қатар, аймақтың сыртқы сауда айналымы 2 млрд 498,2 млн долларды құрады.
Ал, тұтынушылар бағасының индексі ағымдағы жылдың маусым айында 101,8% көрсетті, санымен қатар азық-түлік тауары индексі – 101,4%, азық-түлік емес тауарлар – 100,9%, ақылы қызметтер – 102,9% болды.
Сонымен қатар, Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, облыста Индустрияландыру картасы бойынша 58 кәсіпорын іске қосылып, 4600 жаңа жұмыс орны ашылды. Аймақтың барлық 18 ауданы Индустрияландыру картасында бар.
«Жобалар өндірістің 12 саласы бойынша ұсынылған. 13 жоба шетелдік инвесторларды есепке ала отырып жүзеге асырылды, тағы 12-і өнімді экспорттаушылар болып табылады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2010-2014 жылдар аралығында жаңа өндіріс ошақтары 200 млрд теңгенің өндірістік өнімін өндірген.
Ал, ИИДМБ-2 келетін болсақ, оның басты ерекшелігі кластерлік әдісті қолдана отырып аймақтық мамандандыру болып табылады. Қарағанды облысында бұл қара және түрлі-түсті металургия, өндіріс ошақтары үшін химиялық заттарды өндіру, машина мен тау-кен өндірісі үшін арнайы техниканы, электрқұралдарды жасау, құрылыс материалдары мен тамақ өндірісі.
Жалпы, осы және өзгеде салаларды жүзеге асыру нәтижесі 2020 жылға қарай облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсімі басты көрсеткіш болмақ.
Аппарат отырысын қорытындылаған өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков көптеген проблемалармен бірге ауыз толытырып айтар жетістіктеріміздің бар екенін атап өтті.
