Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы интернет қолданушыларының сұрақтарына жауап берді
Қазақстан бойынша үш миллионнан астам қолданушысы бар «NUR.KZ» ақпараттық порталында өткізілген бұл интернет-конференция барысында мемлекеттік қызметке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Олардың арасында мемлекеттік қызметке орналасудың реті, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлық, сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық тәжірибе туралы сұрақтар болды. Сонымен қатар, Шаттық Өтеев агенттік Департаментінің алдында тұрған мақсат-міндеттері мен қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жайлы сұрақтарға да жауап берді. Онлайн-конференция барысында сұрақтармен қатар, қатысушылар өз ұсыныстарын да көптеп білдірді. Ұсыныстардың басым көпшілігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын өткізу туралы болды. Қойылған сұрақтарға жауап беру барысында Депар…