Алматы қаласында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 700 орын бар
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мелекеттік органдардың персоналды басқару бөлімдерінің (кадр бөлімі) басшыларына осы жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін түсіндірді. Кодексте алғаш рет «Мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін» әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Аталмыш құжаттың 99 бабына сәйкес, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу - лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату – лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осындай әкімшілік құқық бұзушылық…