Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы интернет қолданушыларының сұрақтарына жауап берді

Қазақстан бойынша үш миллионнан астам қолданушысы бар «NUR.KZ» ақпараттық порталында өткізілген бұл интернет-конференция барысында мемлекеттік қызметке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Олардың арасында мемлекеттік қызметке орналасудың реті, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлық, сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық тәжірибе туралы сұрақтар болды. Сонымен қатар, Шаттық Өтеев агенттік Департаментінің алдында тұрған мақсат-міндеттері мен қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жайлы сұрақтарға да жауап берді.

Онлайн-конференция барысында сұрақтармен қатар, қатысушылар өз ұсыныстарын да көптеп білдірді. Ұсыныстардың басым көпшілігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын өткізу туралы болды.   Қойылған сұрақтарға жауап беру барысында Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясының және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің қажетті бөлімдеріне де түсініктеме берді.

Интернет-портал қолданушылары қажетті жағдайда қайда хабарласу керек екендігі туралы бірнеше сұрақ қойды. Мұндай сұрақтарға жауап ретінде Департамент басшысы біріңғай тегін 1494 call-орталығының және агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментінің кезекші бөлімінің 278-73-00 телефон нөмірлерін берді. Мұнымен бірге, Департамент басшылығының азаматтарды жеке қабылдауына қатысқысы келетін интернет-қолданушыларға жеке қабылдау уақыттары жөнінде мәлімет берілді.

Интернет-кеңістік мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тікелей әрі ашық түрде тілдесудің бірегей, тиімді құралы болып табылады.  2014 жылдың 26 желтоқсанында Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясына сәйкес халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында интернет-кеңістікті қолдануды жиілету көзделген.

0
0
284

Осы тақырып бойынша

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы интернет қолданушыларының сұрақтарына жауап берді - Yvision.kz