Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласында әскери қызметшілермен кездесу өткізілді

2015 жылғы 14 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуді ұйымдастырудың басты мақсаты әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Департамент өкілі Анапин М. Қылмыстық Кодекстің 15-тарауы (Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық) бойынша түсіндірмелер берді.

Сонымен қатар,  әскери қызметшілер 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсат-міндеттерімен таныстырылды.

Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Н.М.Қуатов және оның орынбасары Е.Аспамбетов әскери қызметшілермен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері және оларды жасаған үшін жазалау мысалдарын келтірумен сөз сөйледі.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер мен арнайы слайдтар көрсетілді.

0
0
676

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласында әскери қызметшілермен кездесу өткізілді - Yvision.kz