Халықаралық ынтымақтастық – сенімді адамдардың қолында
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университетінің студент жастарымен және оқытушылық құрамымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясат» атты семинар өткізді.
Кездесуге қатысқан Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары - Тәртіптік Кеңес Төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы болашақ шет тілі және халықаралық қатынастар мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлемдік үлгілерін салыстыра келе, Қазақстан Республикасының бұл бағыттағы саясаты халықаралық тәжірибеге толығымен сай екенін айтып түсіндірді.
Халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен емес, оның шығу себептерімен күрес әлдеқайда тиімді,-деді Бахтияр Камалов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясының басты міндеттерінің бірі халықаралық ынтымақтастықты күшейту болып табылады. Бұл орайда халықаралық қатынастар мамандарының жұмысы аса маңызды. Кездесуге қатысқан Абылай хан атындағы Қазақ Ұлттық Халықаралық қатынастар және шет тілдері Университетінің ректоры - филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Құнанбаева Сәлима Сағиқызы аталмыш білім ордасынынан шыққан түлектер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында халықаралық әріптестермен тығыз байланыс орнатып, Агенттіктің жұмысына өз септігін тигізеді деген сенімін білдірді.
Студенттермен өткен бұл іс-шараға Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі Басқарманың ЖОО-мен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Тілеубекова Меруерт Болатқызы да қатысып, мемлекет тарапынан студенттерге, жас мамандарға жасалынып жатқан жайғдайларға тоқталып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға үлкен сенім артып отырғандын жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мамандарына сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, кездесу барысында университет студенттері жұмыспен қамтамасыз етілу туралы өз сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі жайлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қоғаммен ашық ықпалдастық секілді басым міндеттері туралы толық мәлімет алды.

