Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының азаматтарды жеке қабыладауы өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Өтеев Шаттық Тынымбайұлы «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабыладуын өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысына өз өтініштерінің мәнін толықтай түсіндіруге мүмкіндік алды. Өтініштердің басым бөлігі мемлекеттік қызметшілердің әрекетсіздіктеріне қатысты болды. Сонымен қатар, жеке қабылдауға құқық қорғау органдарының кейбір қызметшілерінің жұмысына қатысты арыздармен де келген азаматтар болды. Барлық өтініштер жіті тексеріліп, заңнамаға сйкес тиісті шаралар қолданылатын болады,-деді Шаттық Өтеев.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы азаматтарды жеке қабылдауы бойынша өтініштерді қарастырып, жақын арада тиісті жауап берілуін Департаменттің тиісті бөлімшелеріне тапсырды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшылығы апта сайын азаматтарды жеке қабылдауын өткізіп тұрады, оның ішінде Департамент ғимаратынан тыс жерлерде де азаматтарды жеке қабыладу өткізіледі.

2007 жылдың 12 қаңтарындағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес, мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi.

0
0
634

Осы тақырып бойынша