«100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары
Алматы қаласы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары» атты доңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқының кіші ассамблеясы, Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқының кіші ассамблеясы төрағасының орынбасары Абдалиева Маргарита Абубакирқызы өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттары ме…