ІТ университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) мен Халықаралық ақпараттар технологиясы университеті бірлесе отырып, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бәріміздің міндетіміз» атты дөңгелек үстел өткізді. Қазақстандық тұңғыш ІТ университеті – Орта Азиядағы алдыңғы қатарлы оқу орны болып табылады. Халықаралық ІТ университеті аймақтарға арналған «ІТ-индустриясы» бойынша әлемдік деңгейде танылған білікті мамандарды даярлауда алдыңғы қатарлы орында. Халықаралық ІТ университеті ҚР Үкіметі мен ұлттық ақпараттық-коммуникациялар компаниялары тарапынан бакалавр бойынша берілген 500 грантпен қамтылып, қазақстандық және американ…