Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы Алмалы ауданында кәсіби мемлекеттік аппаратын құру мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігінде, Алматы қаласы маслихатының депутаттары, Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар мен БАҚ-тың қатысуымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов кәсіби мемлекеттік аппаратын құру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының алғашқы 15 қадамын түсіндіріп, сондай-ақ бес институционалды реформаны және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарын іске асыру тетіктерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.

Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Оңалбаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және Алмалы ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырып өтті.

Алматы қаласы Маслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы ауданы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Құсман Шалабаев Қоғамдық Кеңес аудан әкімінің аппараты және прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен бақа да қателікер жіберілген кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізгендігін атап өтті.

Алматы қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев және И.В. Панфилов атындағы № 54 Қазақ-Ресей мектеп-гимназиясының директоры Гүлнар Қарамендинова денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, өскелең жастарды патриоттық тәрбиелеу барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Кеңес барысында қатысушылардан мемлекеттік қызмет әрекеттеріне және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Қойылған сұраққа толық қамтылған жауаптарын алды.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылды және социологиялық сауалнамалар жүргізілді.

Семинар-кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

0
0
271

Осы тақырып бойынша