Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент)
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде студенттер және профессорлық - оқытушылар құрамының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер диалектикасы: мемлекеттік саясат және студент жастар» тақырыбына ғылыми - практикалық конференциясы өткізілді.
Департамент Басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңестің Төрағасы Бахтияр Камалов 2015-2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен кәсіби мемлекеттік аппаратын қалыптастыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының бірінші институционалдық реформасын түсіндірді.
Ректордың м.а., экономика ғылымының докторы Ардақ Саханова Сингапурдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, мемлекеттік органдарда гүре-сарсаңның жоқтығынмысалға келтіріп Сингапур айқындылық жағынан 3орында екендігін айтты. Қазақстан тарихы, қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор Зейнәбіл Айдарбековоқу процесстері электрондық портал арқылы өтетіндіктен университеттің сыбайлас жемқорлықтан таза екенін атап өтті. Халықаралық құқықтар кафедрасыныңпрофессоры, заңдар ғылымының докторы Жанар Кегенбаева Грузия және Эстониия елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске мысалдар келтірді. Бұл елдерде өте маңызды реформалар өткізілгенін атап өтті. Негізгісі - электрондық үкіметтің енгізілуі, ол арқылы үйде отырып, барлық мемелекетпен көрсетілетін қызметтерді пайдалануға болады.
Университет студенттері біздің мемлекеттің 5 масштабты ішкі қызметтерін атап өтті: 1.Орташа кластың үлесінің көбеюі. 2. Бір тұтас ішкі нарықтың дамуы.3.Сыбайлас жемқорлықпен күрес. 4. Жаңа жұмыс орындарын құру 5. Бірлікті нығайту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер тақырыптарына видео роликтер көрсетілді.
Конференция сұрақ-жауап форматында өткізілді , социологиялық сауалнама өткізіліп, жадынамалар таратылды.

