2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын Алматы қаласының квазимемлекеттік сектор қызметкерлері қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - Департамент) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және кәсіби автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша «КазЭкспортГарант» СК» АҚ-да және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да семинар-кеңес өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бастығы Максатхан Анапин алдағы 2016 жылдың қаңтарынан бастап жаңа реформалардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметке қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңға өзгерістер болатынын хабарлады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспарының талаптарын түсіндірді.
АҚ «СК» КазЭкспортГарант менеджері Ермак Джерембаев қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті арттырылып және жасалып жатқан жұмыстар туралы ҚР Президентінің Н.А. Назарбаев Жолдауын «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» тақырыбында хабардар етті.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ экономикалық қауіпсіздік қызметкері Серікхан Алмабаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сыбайлас жемқорлық қарсы күресті алдын алу бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар туралы түсіндіріп, сондай-ақ кеңінен банк жүйесіндегі және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екенімен жұртшылықпен бөлісті.
Іс-шара сұрақтар мен жауаптар форматында өттіп, социалдық сауалнама және жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына бейне роликтер көрсетілді.

