Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні

Қазақ спорты тарихында тұңғыш рет алтын алған Жасұлан Қадырбаев , күмісті кеудесіне қондырған  Владимир Седов және Жазира Жаппарқұл. Төгілген жас, шартарапқа жайылған қуаныш, чемпиондардың шынайы көңілі. Біз үшін жемісті болған 7-ші күннің жеңісті сәттеріне куә болыңыздар.

Бұл күні Балуан Шолаққа жиналған көрермен  алтын жолындағы алғашқы үмітін Мая Манезадан күткен еді. Алайда спорттық карьерасын отбасылық өмірмен жалғастырған олимипиада чемпионы  бұл жолы 8-ші орыннан көрінді.  Айта кету керек, 2012-жылдан кейін енді қатысып тұрған ірі сайысы.

"Әруақ" деп Балуан Шолақ сарайын дүр сілкіндірген Жазира Жаппарқұл. Жұлқа көтеруде 118 келіні, серіппе көтеруде 144 келіні еңсеріп   күмісті еншіледі.

Бірінші орын  265 келіні көтерген  КХДР спортшысы Ун Рио, қола медаль  261 келімен Қытайлық Ченде.

Жазира алғашқы бапкерімен

 

"Қазақ қызы міндетті түрде алуы керек деп ойладым."

Кешкі сағат 19:00. Шаршы алаңда 94 келі салмақтағы атлеттердің сайысы басталды.

Бірінші сайыс бойынша Жасұлан  3 мүмкіндіктің екеуін пайдаланып, 179 келімен тоқтаған еді. Серіппе көтеруде  229 келіні көтерді.

Ал Владимир Седов алғашқысында 3 мүмкіндікті сәтті пайдаланғанымен де, екінші сайыста 219 келімен тоқтады.

Литвалық атлет - Ауримас Диджвалиш. Қоссайыстың  қола жүлдегері.

Марапаттау рәсімі

Жасұланның отбасы

Чемпиондар командасы

Жеңісті күндер ұзағынан болғай!

 
0
0
654

Осы тақырып бойынша