Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.

2012 жыл, Лондон

2016 жыл, Рио-де-Жанейро.  Жазғы Олимпиада ойындары.

Ал, әзірге,  2014 жылдың аялдамасы Алматыда болмақ. 8-қараша күні Оңтүстік Астанада ауыр атлетикадан әлем Чемпионаты басталды. 2 жыл бұрын доп қуалап, қара терге малшынатын ағылшын мырзаларға  нағыз қара күштің иесін танытқан спортшыларымыз үшін  тағы да тақым қысатын уақыт келді. АПЛ-дың  ала добы еске түспей тұрғанда, ауыр атлетикамен тағы да таныс болайық.

Оңтүстік Астана, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, 1-күн. Негізгі бәсеке таңертең 9-дан бастап өткенімен, жұлқу мен серіппе "өнерінің"  ресми ашылуы 17:30-дан  басталды.

Оған дейін, баспасөз-мәслихат залы, 16:30

17:30, Ашылу салтанаты. Қазақ эстрадасының  әншілері Балуан Шолақтағы бәйгеден маңыздырақ шараға дайындалып жатқан болса керек. Әзірге (естіген құлақта жазық жоқ) "Тринидад" тобы, "Привет" әнімен...

Алматының апорты, қасиетті киіз үй. Арнайы шоу-бағдарлама (Әншілерге экранда қажет болған-ау?!)

Естеріңізге ешнәрсе түсірмей ме?

Чемпионатқа қатысушы елдердің парады. Жаңа технологияның тағы бір ғаламаты.

Кез-келген шарадағы негізгі "еңбек күші".  Волонтерлер  барынша сыпайы, қалағаныңды тауып, сұрағаныңды айтып береді. Тек кейбіріне  Чемпионат өтетін орынның картасы толық  жетпей қалған тәрізді.

Колумбиядан келген қонақтар

Қырғызстанның еңбек сіңірген тренері - Владимир Николаевич.  "Бір кездері ауыр атлетикадан Қырғызстанның құрамасы алдыңғы қатарда болатын. Қазір -әлсіз. Тұрмыс қиындады, экономика құлдырады. Спорттан да қуат қашты" дейді ол.

Біздің мақтаныш, біздің үміт, біздің қыз!

 

Бұл уақытта залда. 19:00

Вьетнамдық Тач Ким Туан. 1994 жылғы, Вьетнам азаматы. Жастар арасында жұлқа және серпи көтеруден  жаңа рекорд орнатты.

Алғашқы үміт. Арли Шонтей, 1992 жылғы. 4-орында тұрғанда, үштікке ілінер-ау деп үміттенгенімен, 6-шы орын иеленді. Серік Сәпиевте бірден Олимпиада чемпионы болған жоқ.  Мойыма!

Жеңімпаздар.

Ом Юн Чол (Солтүстік Корея) - 296 (128+168)

Тач Ким Туан (Вьетнам) - 296 (135+161)

Кинкуан Лонг(Қытай) - 293 (133+160)

Алдағы  апта Алматыдан жаңалық күтіңіздер!

 
1
0
466

Осы тақырып бойынша

Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз. - Yvision.kz