Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кептелістен құтылып жатырмыз

Печать
31.10.12.

Кеше алматылықтар тағы бір қуанышты оқиғаның куәсі болды. Әсіресе, сағаттап кептелісте тұратын жүргізушілердің әкімдікке айтар алғысы шексіз.

Көлік тәулік бойына толастамайтын Сайын көшесінің Торайғыров көшесімен қиылысқан тұсында жаңа жол-айрығы іске қосылды. Осылайша, магистральдердің негізгі бір тармағы іске қосылды. Мұның өзі темір тұлпарлардың қозғалысын біршама жеңілдетті.
Айтпақшы, үстіміздегі жылдың 10 қазанында Сайын - Жұбанов көшелерінің бойындағы жолайрығы ашылып, көлік қозғалысы реттелген болатын. Дәл осындай қозғалысты ретке келтіру шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Айта кетер болсақ, Алматыда бір мезгілде ірі алты жол­айрығының құрылысы жүріп жатыр. Олар - әл-Фараби даңғылы - Розыбакиев көшесінің, әл-Фараби - Дулати, Сайын - Жұбанов, Сайын - Торайғыров көшелерінің, Райымбек даңғылы - Момышұлы, Халиуллин - Құлжа трассасының бойларына салынып жатыр. Қазіргі кезде бұларда электрмен монтаждау, инженерлік желілерді жүр­гізу, тірек қабырғаларын орнату, тоннелдер, жер асты жүргінші жолдарын салу жұмыстары жалғасуда.
- Алматыда 800 мыңдай автокөлік бар. Бұл көлік ин­фрақұрылымы үшін үлкен күш, сондықтан жолайрық­тары, бұрылыстар салынып, көшелер кеңейтілуде. Барлық 6 жол­айрығының құрылыстарын біз белгіленген мерзімінен бұ­рын аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.
Барлық жолайрықтарының жұмыстары толығымен
2013 жылы аяқталады. Қала әкімі көлік кептелісін азайту мақсатында жолайрықтары қалай дайын болады солай көлік қозғалысын ашуды алға міндет етіп қойды.


 
0
0
545

Осы тақырып бойынша

Кептелістен құтылып жатырмыз - Yvision.kz