Мазмұнға өту
AIKYN

«Айқын»

@AIKYN

Сайтта 2012 ж. 1 қыркүйекКазахстан, Алматы

Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б

рейтинг

250

жазбалар

116

пікірлер

2

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Жүрек тебірентер телетуынды

11.10.12.Баян Есентаеваның көптен күткен «Ғашық жүрек» теле­топ­тамасы көрерменге жол тартты. Осыған орай баспасөз өкілдеріне туындының бірінші сериясы көрсетілді. Ұйымдастырушылар уәде еткендей, бұл туынды ешкімді де бей-жай қалдырмады. Көрсеті­лімге қатысқан барлық жанның жүрегі бұл кештен ауырып қайт­ты. Көрерменнің туындыдан кө­-ңілі қалып жүрегі ауырған жоқ, ондағы ауыр сюжеттен еңсесін көтере алмай шықты. Осылай басталған бұл телетоптаманың бірінші сериясынан-ақ көпші­лік­тің көңілінен шығатыны анық байқалды. Жобаның бас продю­сері Баян Есентаева: «Залда отыр­ған көрерменнің көз жасын сы­ғып алғанын көрдім. Біздің басты мақ­сатымыз да осы еді, яғни адам­ға ой салу болатын. Бұл бір көрген соң ұмытылып қалатын дүние емес деп ойлаймын» деді. Расында, бұл туындыны әрбір жан жүрегі сызда…

0
0
561

Күні біткен Козлов

10.10.12.Ақтау қалалық сотында болған процесс «Алға» мүшелері Владимир Козлов, Серік Сапарғали және ереуілшілер қозғалысына дем беруші Ақжанат Әміновке қатысты біржақты үкімнің шығуымен аяқталды. Айыптау кезіндегі келтірілген дәлелдер қор­ғаушылар үшін күтпеген соққы болды, ал жұртшылықтың жағасын ұстатты. Әбілязов пен Козлов басында отырған «алғалықтар­дың» Жаңаөзендегі күш қолдану акцияла­рын дайындағаны туралы фактілер онсыз да шат­қаяқтап тұрған әлсіз құрылымның тіреуін бірден құлатты. Сот процесіне қатысқан куәгерлердің бірауыздан айтуынша, ереуілге шыққандар «Алғаның» тегеурінді насихаттаушы күшіне бағынышты болған. Бұл ұйымға қатысы бар әрбір адам Әбілязовтың атынан сөйлеген жә­не күш қолдануға ашық шақырған оның мақа­лалары жазылған парақтарды таратқан екен. Козлов басқарған «Алға…

0
0
574

Күйші Сүгірдің ұрпақтары

10.10.12.Шертпе күйлерімен исі қазаққа мәлім дарабоз күйші Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды. Дегенмен зерттеушілерге ашылмаған дүние көп-ақ. Соның бірі - күйшінің үш қызы және олардан тараған ұрпақтары. Бұл жөнінде «Күйші Сүгір» дастанын жазған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ескермес Жақсымбетұлы төмендегіше әңгімелейді: - Сүгір 1882 жылы Арқаның кең жай­лауында дүниеге келген. Сүгір туған тама руының бұзау деген бұтағы - қыста Көк­шенің терең жалды құмын қыстаса, көк­тем шыға Бетбақ даланың шөлін басып өтіп, қоңырат, найман, қыпшақ елдерімен аралас Сарысу өзенін бойлап, Жеті­қоңыр­ды жағалай отырып, Арқаның…

0
0
2859

Діни ағымдардың Қазақстанға ықпалы қандай?

06.10.12. Бүгінде қоғамда өздерін «нағыз мұсылмандар» ретінде танып, өзгелерді «кәпір» деп санайтындар көбейді. Еліміздің ішінде күмәнді, елді біріктіретін емес, керісінше, берекесін алып, тоздыратын топтар, елге іштей іріткі салушы, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеті қауіп төндіруде. Дінді өз пайдасына қарай бұрмалап, ислами наным-танымдарды шатастырушылар көптеп кездеседі. Ол топтар мен ағымдарды ғалымдар зерттей келе оларды деструктивті, радикалды, фундаменталды немесе экстремистік деп атап жүр. Бұл ағымдарды псевдоисламдық деп атап отырғанымыз да осыған байланысты. Себебі «псевдо» тіркесі - жалған деген ма­ғынаны береді, яғни дәстүрлі Исламның кейбір қағидаларын басқаша түсініп, бұрмалап, оны өздерінің радикалды идео­логияларына айналдырып, дін ішінде дін туындатып жүрген діни ағ…

0
0
680

Медиацияның дамуына кедергі көп

06.10.12.Тұрмыс пен жұмыста туындайтын дау-дамайды сотқа жеткізбей, бітімгершілік жолмен шешудің бірден-бір жолы - медиацияға жүгіну. Яғни бір-біріңді сотқа сүйремей тұрып, кәсіби медиаторлар арқылы өзара келісімге келуге. Соттардың жұмысын жеңілдетіп, түрлі дау-дамайлардың жергілікті жерде шешілуі үшін 2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданған еді. Дегенмен қабылданар кезде үлкен пікірталас тудырып, өзінен зор үміт күттірген бұл заңның бүгінде жүзеге асуы көңіл көншітпейді. Өйткені жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асса да, медиаторлардың қатысуымен өткен сот отырыстарының қатары некен-саяқ. «Қазақстанда медиация институтын енгізу» тақырыбында ұйымдастырылған өңірлік семинарға жиналған судьялар, прокурорлар мен кәсіби медиаторлар істі бейбіт келісіммен бітірудің алдында тұрған кедергіле…

0
0
1328

Құстар неге құстай ұшады?

06.10.12.Атырау облысында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ондаған құс электр желілерінен ток соғып, қырылуда. Бұл туралы ресейлік «Дронт» экология орталығының өкілі Марк Пестов мәлімдеді. - Біз кернеулігі 6-10 киловольт электр желілерінің әсерінен құстардың өлуіне тыңғылықты зерттеу жүргіздік. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Қазақ­станның «Қызыл кітабына» енгізілген құстар қырылып жатыр, - дейді ма­ман. Өткен жылы «Дронт» орталығының орнитологтары «ҚазТрансОйл», «ҚазТранс­Газ», «КҚК» және «Аджип ККО» компанияларының 400 шақы­рым­нан асатын электр желілерінің бойымен жүріп өткен. Экспедиция барысында өлген 63 дала қыраны, 41 көксары, 9 бөктергі және т.б. құстардың өлексесі табылған. Атырау облысында орын алған жағ­дай қанаттылардың көбеюіне залал келтіріп отыр. Облысының аумағында жыр…

0
0
1753

Үш жылдық бюджеттің жобасы әлеуметтің әлеуетін арттырады

06.10.12.Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бас болуымен өткен «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының кеңейтілген жиналысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мен 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы таныстырылды. Мемлекеттің ең басты қаржылық құ­жатын талдауға Үкімет жетекшісі Серік Ахметов, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ұлт­тық банк төрағасы Григорий Марченко, Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев және Президент ап­паратының атқамінерлері мен Үкімет мүшелері, сондай-ақ халық қалаулылары қатысты. Жиынды бастаған Мәжіліс төрағасы ел Президенті парламенттің күзгі сес­сия­сының ашылуында 3 жылдық бюджеттің жобасы мемлекет қазынасынан шашау шығармауға бағытталуы тиіс екенін қадап айтқаны…

0
0
456

Электронды сот төрелігі: ол қандай?

03.10.12.Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров пен Жоғарғы соттың судьясы Рахымбек Мамырбаев сондай-ақ, Жоғарғы сот хатшылығы басшысының орынбасары Леонид Недзвецкий Минскіде өткен судьялар қауымдастығының II халықаралық форумына қатысты. Бұл туралы Жоғары соттың жұртшылықпен және БАҚ-пен өзара байланыс бөлімі қызметі хабарлады. «Сот төрелігінің тиімділігі мен сапасы: жаңа технологиялар мен әдістер» деген атпен өткен бұл форумда жаңа технологиялардың сот төрелігін жүргізуге тигізетін ықпалы және сот жүйесінің судьялар мен соттарды мамандандыру бағытындағы даму мәселелері талқыланды.Форумның алғашқы күні экономика саласындағы дауларды қарайтын Жоғарғы төрелік, шаруашылық, экономикалық және басқа да соттар төрағаларының кезекті кеңесінің отырысы, сондай-ақ «Сот а…

0
0
1145

Дәріні жарнамалау керек пе?

03.10.12.Әрбір азамат дәрі алу үшін жылына орта есеппен 5000-10000 теңге көлемінде ақша жұмсайды. Әйтсе де ел халқының 90 пайызы дәрігерге де, дәріге де жүгінбей, өзін-өзі емдегенді жөн санайды. Ал 42 пайызы аурудың алғашқы белгілері сыр бергенде-ақ, дәрігердің кеңесіне құлақ түрмей, дәріханаға беттесе, 53 пайызы кез келген антибиотиктік дәрілерді емін-еркін тұтынады. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова халықтың «дәрілік сауатын» арттыру шаралары қолға алынатынын мәлімдеген болатын. «Германия мен Ұлыбританияда қолданылатын дәрілік қамтамасыздандыру мен халықты ақпараттандырудың тәжірибесін зерттеудеміз. Дәріні пайдалану бойынша халықты ақпараттандыру механизмдері қарастырылуда» деген еді Салидат Қайырбекова. Сондай-ақ министр бірқатар іс-шараларды да тізбектеп шықты. Мәселен, ха…

0
0
1301

Өлең оятатын ақын

03.10.12.Тұманбай Молдағалиев!Қазақ өлеңінің өрен жүйрігі. Сонау студент кезінде, университеттегі оқуын бітірмей жатып тұңғыш кітабының тұсауы кесілген жас ақын. Ол қазақ поэзиясының қара шаңырағын думанды жас дәуреннің сырлы жырынан шашу шашып аттаған арынды ақын. Қазақ өлеңіне тұмадай тұнық, қызғалдақтай хош иісті, жасындай жарқылдаған жырларымен жаңалық ала келген дарынды ақын. Ғашық жүректің лүпілін, сүйіспеншіліктің мөлдір сезімін өлеңдерінде өзгеше өрнектеген жаңашыл ақын. Ғұмыр бойы жалаулы да алаулы жастық шақтың жыршысы болған ақынның көңілі көктем, жаны жайсаң болатын. Тұманбай ақынның айшуақ жырлары оқырмандарының жүрегін жылытып, ойлантып, толғантып, пәк сезімнің шуағына шомылдырып, самалымен сергітіп, серпілтіп келе жатқаны ақиқат. Барша қазақ оның сөздеріне арнап жазылған әу…

0
0
1041