Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас ұрпақ болашағы не болмақ

Балалар мен жас ұрпақ бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру үшін, қоғамда олардың адами қасиет­терінің, психологиясының мінез-құлықтары мен тұлға болып қалыптасуына кері әсер ететін факторларды шектеу қажет. Бұндай факторлардың ішіндегі ең ауыры, бүкіл дүние жүзінің елдері жүргізген ғылыми-зерттеу институттарының талай уақыт бойы жүргізген көптеген зерт­теулерінің нәтижелері көрсетіп отыр­ғандай, медиазорлық болып табылады. Сондықтан, еліміздің БАҚ туралы заңына күндіз теледидардан зорлық, зомбылық және порнография элементтерін көрсетуге тыйым салатын қосымша бір бап енгізілуі кажет.

Мультфильмдерді тек балалар ғана емес, ата-аналары да сүйіп қарайды. Бірақ жас ерекшеліктерінің айырмашылығы туралы естен шығармауымыз қажет. Көріп отырған мультфильмдердің мазмұнында жақсылық әрқашан да жамандықты жеңу керек. Бүлдіршіндер үшін мультсериалдар ананы, үлкенді сыйлау, көмектесу, жақсы істерді істеу, жануарларды тиіспеу, оқуға деген ынтазарлық, қол үшін беріп, ешкімге сараңдық жасамау желісі бойынша құрастырылыу қажет.

Қазіргі кезде елімізде қазақша мультфильмдер түсіріліп жатыр, бірақ олардың көрсеілімдері неге екені белгісіз әлі де болса уақыт мөлшерініен  аз көрсетіліп жатыр?! Қазақ мультфильмін жандандырып, жаңаша формада беру қажеттілігі бүгінгі күні жүзеге асуда. Біздер шетелге ұқсауды, жүгінуді қойып, шешімін күттірмейтін мәселелердің жауабын табу үшін бар күшімізді салайық!

0
0
331

Осы тақырып бойынша

Жас ұрпақ болашағы не болмақ - Yvision.kz