Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алдағы сынақтан сүрінбей өту...

Көктемнің шуақты күндерімен қоштасып, жаздың шырайлы күндерінің келуімен қатар жоғары сынып оқушылары, мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден өтеді. Санаулы күндер кез-келген түлектің бойында қорқыныш сезімін тудырып, денсаулыққа кері әсерін тигізері анық.

Сынақтан өту – адам өміріндегі ең маңызды шарттардың бірі болып табылады. Осыған орай, бүгінде мәселенің түп негізін шешуде бірнеше амалдар қарастырылып, қиындыққа төтеп беру жолдарына назар салсақ болғаны.

Берик Айтбаев,

Инновациялық Еуразия универсиетінің психологы, кәсіби бағдарлау және қабылдау орталығының директоры жоғары сынып оқушыларына арнайы психологиялық тұрғыдағы дәрістер оқып, сынаққа деген көзқарастарын оңтайлы етуге жағдай жасайды.

Эмоциямен күресу жолдары:

- Өзіңмен өзің оңаша қалған кезіңде жастықты ұру немесе құрғақ орамалды күштеу арқылы ашу-ызаңды тарқатуға болады.

- Спорт бөлмесіне барып, денеңді шынықтырған жөн. Спортсмендердің дене бітімі ғана емес, рухани денсаулығы жақсы дамыған болып табылады.

- Сырыңды жасырмай айта алатын достарыңмен жиі кездесіп тұру қажет

- Эмоциялық күйзелістен шығу үшін бар дауысыңмен айқайлаған дұрыс. Бірақ көпшіліктің арасында жасаудың қажеті жоқ.

- Таза ауада серуендеп, құстардың ән салғанын, судың сылдырлағанын тыңдау өте жақсы әсерін тигізеді.

- Көз алдына барлық сүйікті заттарыңды елестетіп, өзіңді әлемнің ең керемет жерінде тұрғанын сезіну қажет.

- Тым-тырыс жерде отырып жанға жылу беретін әсем әуендерді тыңдауға болады немесе керісінше билеп, көңіл көтеруге болады.

- Бөлмеңді жинастырып, жөнге келтіріп, қолымен кір жуу керек.

- Біріншіден денеңдегі бар күшіңді қысымға алып, кейін босатып, бірнеше рет қайталаған жөн.

Емтихан алдындағы өзіне деген сенімділікті арттыру әр адамның өз қолында. Шағын психологиялық әдістерді үнемі есте сақтап, қолданған адамның денсаулығы мықты, ойы таза, мақсаты биік болары анық.

3
0
822

Осы тақырып бойынша

Алдағы сынақтан сүрінбей өту... - Yvision.kz