Ақ періште...
Көрген кезде, естен кетпес жүзінді,
Ақ періште елестеді, сол бір сәтте
Қызарып, бірден алып көзімді,
Серт бердім, мен өзіме, мен өзіме
Ешқашан қарамаймын мен көздеріне.
Күні бойы ойлап сені, менің жаным жалықты,
Елестеші, көз алдыма таңғажайып періште.
Саған айтқым келеді – ау, бар сырымды,
Соғады жүрек көрген кезде сені, көрген кезде.
Білесің бе? Мен туралы ойлаймысың?
Мен туралы ойлаймысың, айтамысың?
Жазамысың, мен туралы, толғауыңды,
Білмеймін, не енді ойлайтынымды.

Бірақ, сүйген жүрек, жылайды да, жырлайды,
Мына жүрек мүлде ақылға бағынбайды.
Бағынбайды да, көнбейді, көнгісі де келмейді,
Әбден мені шаршатып – ау жіберді.
Несіне? Несіне жолықтың, айтшы маған,
Сені маған кім сыйлаған? Тағдыр қосқан?
Ұмыта алмаспын, жан шырағым, өкпелеме,
Аз қалған болар уақыт менің енді күтуіме!
