Мен ғашықпын...

Мен ғашықпын сол бір мұңлы сезімге,
Өшіп жанған жүректегі өкпелеген сөзіңе.
Бар ойымды жаулап алдың сен менің,
Өткір сөзің, білгір көзің шыңдалады төзімге.
Өзге жанды қаламаймын өзіңдей,
Айтшы жаным, себебіңді кідірмей
Қарастырған парағындай өмірдің,
Келіп едің қуанышын білдірмей.
Әлсіз деген сірә болар қиындыққа төзбеген,
Бәлкім пенде жоқшылыққа көнбеген.
Қатыгез бір өмірдің көлеңкесі көрініп,
Соққы беріп, өрлесе батылдығы сөнбеген.
