Мультфильмдермен әлі де күресіп келеміз...
Шетел мультфильмдеріне жол бермейік!!!
Қазіргі таңда шетел мультфильмдерін көрмейтін бала жоқ. Жағымсыз көріністер мен түсініксіз кейіпкерлер баланың тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Мамандардың аздығы ма? Қаржының жеткіліксіздігі ме? Қалайша өзекті мәселелер ата–аналарды, үкіметті, көпшілікті толғандырмайды? Неге біздің арналарымызда қазақтың нағыз дүниетанымын, салт-дәстүрлерін танытатын ертегілерді жаңаша, қызықты қалыпқа салып көрсетпеске?!
Неге біздің индустриямызда батырлар кейпі, ғашықтардың пәк , таза махаббаттары жайлы көріністері жоқтың қасы. Қазақтың Ертөстік, Алпамыс, Бөгембай, Қабанбай, Қалқаман, Жасыбай, Қобыланды, Махамбеттер нағыз батырлардың елін қорғау үшін жасаған ерліктері, Ләйлә-Мәжнүн, Баян- Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік-Кебек сынды қос аққуларымыздың сезімдері туралы поэмалары ұмытылып бара жатыр.
Егер біз батыр кейпін жаңалатып көрсетсек, мүмкін бала жаңа образды тез қабылдайды. Мысалы Ертөстік туралы қызықты оқиғаларды бөлімдерге (серияларға) бөліп, субтитрмен көрсетуге болады. Бала ақпаратты тез қабылдасын десек, сюжеттер жалпыға түсінікті, қазіргі заманмен сәйкестендірілген, сөздері қысқа да нұсқа болуы шарт.
