Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада ШЫҰ Энергетика министрлерінің саммиті өтіп жатыр

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері Энергетика министрлерінің саммиті өткен айда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрагим Раисиді үнсіздікпен еске алудан басталды.

Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ирандық әріптесі Мехрабиан Әли Әкбарды аталған елдің ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуымен құттықтады.

Қазақстан келесі айда ШЫҰ-дағы төрағалығын аяқтап, оны Қытайға тапсырады.

Астана Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің 2030 жылға дейінгі Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясының жобасын келістірді.

0
0
597

ІІМ Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінгендердің біріне қатысты түсініктеме берді

Украинада қастандық жасалған журналист Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықова қаскөйлердің табылғанын хабарлады."Олар Қазақстан азаматтары екен: 9.05.1991 ж.т. Мейрам Қаратаев пен 8.02.1988 ж.т. Алтай Жақанбаев. Бұл оңбағандар тапсырыс алып, 2 маусымда Киевке келген. Жалдамалы пәтерде тұрып, Айдосты аңдып, қылмыс жасауды ойластырған. Мейрам Қаратаев (фотосуреттегі - ред.) - Қостанай облысы ІІД (ПД - ред.) қызметкері. Ол қызметкерлер арасындағы қару атудан жарыста алдыңғы орындарды иеленген", - деп жазыпты Садықова. Еліміздің Іішкі істер министрлігі осы ақпаратқа байланысты хабарлама таратты."Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз.Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмас…

0
0
860

Мекемеге тиесілі машиналарды сатқан

Жамбыл облысындағы Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады.Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңге болған.Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеді.Іс шеңберінде прокуратурамен құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.Талас аудандық сотының 2024 ж…

0
0
475

Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті

undefined

Оқыс оқиға Самара-Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 794-шақырымында болған.

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында дәрі-дәрмекпен тиелген жүк көлігі өртенді.

"Құтқарушылар күшімен 1991 жылы туған көлік жүргізушісі құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде өртті жойды. Өрттің себебі анықталуда", - деп жазды ҚР ТЖМ.

0
0
1860

Атырауда итті тірідей өртегендер ұсталды

19 маусым күні сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде жануарды қатыгездікпен өлтірген 2003ж.т., 2007 ж.т. күдіктілер анықталып, ұсталды.
«Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰҚ-қа қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаменті.
t.me/guwonline

Біз бұл сұмдық оқиға туралы бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
644

«Думан Мұхамедкәрім, Әйгерім Тілеужан, Марат Жыланбаевтарды саяси тұтқын деп айта алмаймын»

Жазушы, драматург Дулат Исабеков қоғамда орын алған оқиғаларға қатысты саяси ой-пікірін «Kultobe podcast» ютуб арнасының журналисі Берікбол Төлегенге берген сұхбатында айтты.«Саяси тұтқын болу үшін белгілі бір партияның лидері ретінде арнайы бағдарлама ұсынуы қажет. Бастамаларының үлкен күшке айналмау себебі де осы. Шетелде бір адам үшін халық бостандық талап етіп, қарсылығын ашық білдіреді. Ал бізде бір адам емес, он адам тұтқындалса да немқұрайлы қарайды. Өйткені, селқостық басым», - деп, аталмыш тұлғаларға айып тақпайтынын, айыптау үшін қылмысқа негізделген әрекеттерін байқамағанын атап өтті. «Олардың үндеуі тек талап қана. Билікке қалай талап қояды? Газет бетіне жарияласа елеусіз қалады. Тоқаев: «халық ой-пікірін митинг арқылы айта алады» десе де, өзі қолдамайтын сияқты. Айтқан сөзде…

0
0
504

Атырау облысында тұрғын итті тірідей өртеді

undefined

"Сұмдық кадрлар: Атырау облысында қаскөй итті өртеп жіберді.

Аса сорақы жағдай Мұқыр ауылында болды. Тілшіміздің анықтағанындай, полиция қаскөйді ұстауға кеткен. Оны уақытша ұстау қапасына қамамақшы.

Естеріңізге салсақ, жануарларға қатігездік көрсеткендерге қылмыстық жаза қарастырылған", - деп жазады t.me/orda_kz

0
0
454

Әрінов Президентке атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспар туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады.Шыңғыс Әрінов:Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді;Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндады;Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында айтты: – 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған;      – министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын а…

0
0
346

ТЖМ суға түсу қауіпсіздігі туралы ескертті

undefined

Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін естеріңізге салады:

Шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;

Қалқымалардан асып жүзуге болмайды;

Ішімдік ішкен күйінде суға түспеңіз;

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

📢Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала аласыз!

0
0
398

Президент АӨСШК бас хатшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Президентке форумды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Мемлекет басшысы Кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстан айтарлықтай белсенділік танытып отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-тің тұрақты құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру және оның географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту арқылы бірлестікті одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды. Президент Кеңес Хатшылығының қызметіне айрықша мән беріп, еліміз оның барлық деңгейдегі жұмысына атса…

0
0
347