Астанада ШЫҰ Энергетика министрлерінің саммиті өтіп жатыр
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері Энергетика министрлерінің саммиті өткен айда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрагим Раисиді үнсіздікпен еске алудан басталды.
Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ирандық әріптесі Мехрабиан Әли Әкбарды аталған елдің ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуымен құттықтады.
Қазақстан келесі айда ШЫҰ-дағы төрағалығын аяқтап, оны Қытайға тапсырады.
Астана Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің 2030 жылға дейінгі Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясының жобасын келістірді.
