Тура жүру-ақиқаттың сенімді жолы
Бүгінгі күні бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл сыбайлас жемқорлық, ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян құбылыс. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі маңызды екендігін атап өту қажет. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі тиіс, бала тәрбиесі қашанда маңызды іс өйткені, кез келген балаға дұрыс тәрбие беру арқылы оны өз отанын сүюге еліне адал қызмет атқаруға баулыймыз.Ұлы педагок К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген, ешқандай жарғыда бағдарлама да оның орнын баса алмайды»- деген. Жас кезінен жағымпаздыққа , қулық-сұмдыққа тәрбиелеген баладан отанын, елін сүйеті…


