Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі.Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, ж…

0
0
778

Дүкендердегі күнделікті тұтынатын 19 түрлі тауар бағасына сараптама жасады..

Бүгін "Nur otan" партиясының Үржар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Джунусова Роза Сүлейменқызы Қаратұма, Көлденең, Көкөзек ауылдық округтеріне арнайы барып, дүкендердегі күнделікті тұтынатын 19 түрлі тауар бағасына сараптама жасап, дүкен иелерімен бағаны негізсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмысын жүргізді..

2
0
248

Қазіргі студент бейнесі

Студент дегеніміз кім? Студент ол - 11 жылдық мектепті аяқтаған бұрынғы оқушы. Университет қабырғасында оқитын, оқумен қатар белгілі бір іс-шараларды, тіпті жұмысты алып жүретін, өз алдына жауапкершілігі мол адам деп елестетемін. Ал мен, қазіргі студенттің психологиялық портретін 2 жақтың көзқарасымен сипаттайын. Бірі - менің, екіншісі - мұғалімдердің.Менің көзқарасым бойынша: Қазіргі студенттер көңілді уақыт өткізуге тырысады және онымен шектелмей, олар сабақты да барынша тырысып оқиды. Ең бастысы - интернетті тек қана көңіл көтері үшін емес, оқу үшін де, өз-өздерін дамыту үшін де пайдаланады. Заманауи студент - жаңа білімге, жақсы өмірге ұмтылғыш, ізденімпаз, ашық-жарқын, ментальды және психикалық жағдайына аса мән береді, салауатты өмін салтын ұстануға тырысады.Мұғалімдердің көзқарасы…

0
1
5334

«Ардагерім – ардағым» акциясы өтті

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы, «Жандосов» БПҰ ұйымдастыруымен «Ардагерім – ардағым» акциясы өтті. Акцияның мақсаты Ұлы Отан соғыс ардагерлері, аса мұқтаж жалғызбасты тыл еңбеккерлері, жалғыз басты қариялардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне көмек көрсету. Медицина қызметкерлері қарттарға медициналық қызмет көрсетті. Ардагерлерге қол ұшын берген медицина қызметкерлері мен жастар алғыс алып қайтты. #ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#ардагерлергеарналғанескерткішалаңы

0
0
361

Ерік күші қасиеті

Ерік күші адам бойына керек емес қасиет деп есептеген кездер бұрын болған. Қазірдің өзінде де кейбіреулер, ең бастысы – өзіңді, сезіміңді түсіну және солардың артынан ерген дұрыс деп айтады. Осы сынды ойлар бәлкім дұрыс болар, ал меніңше ерік – адамның бойында болуға тиіс және керек қасиет. Себебі, бізді шыңдайтын да, алға жетелейтін де осы қасиет.Ерiк - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезiккен сыртқы жəне iшкi кедергiлердi жеңу арқылы өз қылық-əрекеттерiн қолдап, реттей бiлу қасиетi. Ерiк өмiрдiң ауыртпалық түскен жағдайларында белсендiлiк көтерiп, өзiн-өзi реттеудiң көзі. Түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз əрекет-қылығын реттестiре алу қабiлетiнiң негiзiнде жүйке жүйесiнiң өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерiк сананы өзiндiк…

0
0
1316

"Психологияның маңызы"

Қазіргі XXI ғасырда өмір мен қоғамның барлық саласы дамып жатқанда, психологияның да маңызы артып келеді. Психология – адамның жан дүниесі мен рухани болмысын зерттейтіні бәрімізге мәлім. Яғни, ол – сезімдер мен іс-әрекеттердің, мінез-құлық пен ақыл-ойдың көрінісі. Психологияны білетін адам өмірін өзі қалағандай жарқын етуге және барлық армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сол себепті, өміріміздің барлық тармақтарында психологияның маңызы зор. Ал, менің өмірімде психология қандай рөл атқарады?Қазіргі жастардың көбі психология жайлы біледі және қызығады. Мен де солардың қатарынан боламын. Осыдан бір жарым жыл бұрын психологиядағы «визуализация», «аффирмация» деген терминдерді зерттеп бастадым, маған осы тақырыптар өте қызық болды және шын жүрегіммен сендім. Солай, алғаш рет «армандар…

0
0
3869

Абаттандыру жұмыстары жүргізілді

«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы, «Жандосов» БПҰ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Жандосов елді мекенінде орналасқан Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңына гүл отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында 200 түп ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

#ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#ардагерлергеарналғанескерткішалаңы

0
0
214

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Рудный N3 арнаулы әлеуметтік...

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Рудный N3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

***

Посещение Рудненского центра оказания специальных социальных услуг N3 руководителем Департамента Муратбековым М. Т. совместно с членами Общественного совета.

для просмотра перейти по ссылке: https://www.facebook.com/100028041192538/videos/pcb.1711351175726451/802366787374687

0
0
402

ҰОС ардагері Николай Петрович Позднышевтің Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтауы

Рудный N1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҰОС ардагері Николай Петрович Позднышев тұрады. Бүгін Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков пен Департамент қызметкерлері ҰОС ардагерін Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады. Биыл Николай Петрович 98 жасқа толды. Біздің арамызда ардагерлер бар екенін көру қаншалықты қуанышты. Николай Петрович Сталинград пен Курск түбіндегі шайқастарға қатысып, Орел, Львов, Киев, Праганы азат етті. Сталинградты қорғағаны, Берлинді алғаны, Даңқ ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы ордені ордендерімен марапатталған. Ардагер әскери уақыт, Мәскеудегі шеруге қатысу туралы естеліктерімен бөлісті. Бұл естеліктерде біз үшін жеңіске жеткен адамдардың үлкен ерлігі бар. Барлығыңызға тағзым, ардагерлерге Жеңіс үшін, жарқын болашақ үшін рахмет-М.Т. Мұратбеков алғысын білд…

0
0
427