«Мәдениет пен өнер – рухани өмірінің мәйегі»
Егіндібұлақ ауданы, Арқалық ауылының тумасы, бүгінде Бұқар жырау ауданының мақтанышы, талғамы биік, тағлымы мол, білімді ұстаз, білікті маман, қашанда ізденісте жүретін зерттеуші, қай қырынан алып қарасаң да тұнып тұрған өнер иесі, кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері - Майгүл Насырқызы Асқарованың мерейтойына орай, мамыр айының 5 жұлдызында инстаграм әлеуметтік желісі арқылы «Мәдениет пен өнер – рухани өмірінің мәйегі» атты тікелей эфирі өтті. Тұла бойы тұнып тұрған нығмет, терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер қатардағы мәдениет саласының беделді деңгейіне көтерген тұлғаның сұхбаттын назарларыңызға ұсынамыз!



