Жемқорлық - қоғам дерті
Сыбайлас жемқорлық әлеумет-тік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Бұл қауіпті індеттің мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі. Біздің елімізде де мемлекетік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдай-да қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Қызмет құзыреті бойынша Тәр- тіптік кеңесі Қазақстан Республика-сының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мем-лекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Біздің қоғамда сыбайлас жем-қорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дертті одан әрі ушықтырмай, ауыздықтаудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасы азамат-тарының азаматтық борышы болуы керек. Камила АЖБАНБЕТОВА, Акбота балабақшасының тәрбиешісі
