Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дивизия отрядының 97 –барлау бөлімінің бастығы Н. Кратковтың қысқаша мәлімдемесінен:

Нугманов Хаби Исмаилович 1906ж.

Атағы: аға лейтенант

РККА қатарында 1928 жылдан бері

Марапатты алғандығы жөнінде мәліметтер №11637524 мұрағат жазбаларынан алынды

«Қызыл Жұлдыз» ордені Нугманов Хаби Исмаиловичке не үшін берілгендігі жөнінде дивизия отрядының 97 –барлау бөлімінің бастығы Н. Кратковтың қысқаша мәлімдемесінен:

«Фашистік Германиямен шайқаста Нугманов жолдас өзін қайсар, жігерлі РККА командирі ретінде көрсетті. Любанов түбіндегі шайқаста қиын – қыстау кезде Нугманов батальон командирінің орнында қалып, жауға қарсы күшті тойтарыс беруде жауынгерлерді өте шебер ұйымдастыра білді. Ал Проскуровтағы шайқаста Нугмановқа барлау эскадронын жасақтап, барлау жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын. Нугманов өзіне берілген барлық тапсырмаларды адал және дәл орындап шықты және қарсыластар туралы біршама құнды мәліметтер берді. Салиха селосында Нугманов 27-ші аттылы әскермен дивизия штабын жаудан қорғап, 3 сағат бойы ротаға дейін фашистерді ұстап тұрды. Содан кейін Нугмановқа Рось өзеніндегі Синявский өткелін жаудан қорғап қалу бұйырылған болатын. Өзінің жауынгерлерінің жаулардан аз болғанына қарамастан өткелді сақтап қалды. Каневте шайқаста 15 атты әскерлермен 2 рет бандылардың қоршауында қалса да, өзінің қайсарлығы мен ержүректілігінің арқасында жаудың біршама солдаттарын жойып, өздері аман қалды. Өз жұмысында Нугманов жолдас батырлық пен ерліктің үлгісі ретінде болды және «Қызыл Жұлдыз» орденіне лайық.» /Мәліметтер «Подвиг народа» сайтынан алынды/

Қаби Нұғманов 1923 жылы Қызыл әскер қатарына алынып, 1928-1930-шы жылдар аралығында қазақ атты әскер дивизионының курсанты болған. Сонда жүріп, Орта Азиядағы басмашыларды талқандау ұрысына қатысқан.

1931 жылы Ташкент қаласындағы В.Ленин атындағы әскери мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы қазақ атты әскер полкінде қызмет етеді. «Бұл полктің командирі Әліби Жангелдин, комиссары Семен Қаратаев, эскадрон командирі Жақсығали Жоламанов болды» деп айтып отыратын әкем» дейді қызы Гүлсім Қабиқызы.

Кейін ол Киевтің айырықша әскери округіне ауыстырылған.

1939 жылы Батыс Украинаны Кеңес үкіметінің жауларынан азат ету жолындағы қиян-кескі шайқастарға қатысқан. Денесіне снарядтың 21 жарқыншағы қадалып, 14 тісі опырылып ауыр жарақат алған. Полтава облысының Орлице далалық ұрысында тұтқынға түскен екен. Кейіннен қашып шығып, халық кекшілдерінен құрылған «КОТ» партизан отрядына (сол кездегі КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Олексенко басқарады екен»), келіп қосылған.

Неміс фашистерін толық талқандап, (бұл кезде капитан шенін алған) соғыс аяқталғаннан кейін де елге оралуға мүмкіндік болмай, Қиыр Шығысқа аттанып, жапондардың Квантун армиясын талқандаған кескілескен шайқастарға қатысқан. Содан кейін, яғни 1947 жылы ғана табаны туған жерге тиген.

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймын. ҚР Қарулы Күштері әскерлерінің айбыны мықты, Еліміз тыныш болсын! Осы шараның жалғасы ретінде бұл "Challenge"-ді "Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалының барлық Бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелеріне және аудандық маслихаттағы фракция депутаттарына жолдаймын.

0
0
479

Осы тақырып бойынша

Дивизия отрядының 97 –барлау бөлімінің бастығы Н. Кратковтың қысқаша мәлімдемесінен: - Yvision.kz